НҰР-СҰЛТАН, 10 мамыр – Sputnik. Жоғалып кеткен Омбы облысының денсаулық сақтау министрі Александр Мураховский табылды. Шенеунік ауылға өзі келген, деп хабарлайды РИА Новости.
Александр Мураховский 7 мамыр күні орманға аң аулауға кетіп, сол күйі оралмаған. Бір тәуліктен кейін іздеу жұмыстарына полиция, Росгвардия мен еріктілер қосылды.
Сондай-ақ арнайы техника, тікұшақтар мен пилотсыз ұшатын аппараттар жұмылдырылды.
Тағы оқыңыз: Бір ай бұрын жоғалған кәсіпкердің мәйіті табылды
Министр үш күннен кейін ауылға өзі келген. Билік Мураховскийдің жағдайы жақсы екенін нақтылады. Қазір ол ауруханада тексеріліп жатыр.
Мураховский денсаулық сақтау министрі қызметіне тағайындалғанға дейін Омбының №1 жедел медициналық көмек ауруханасының бас дәрігері болды. Бұл ауруханаға былтыр 20 тамызда ұшақтан Алексей Навальный жеткізілген еді.