Өңірлер

Қостанай облысында әкім қанды қол қылмыскердің ізіне түсті

© Photo : Pixabay / RepublicaЧеловек с ломом в руке, иллюстративное фото
Человек с ломом в руке, иллюстративное фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 09.05.2021
Жазылу
Учаскелік инспектор мен ауыл әкімі кісі өлтірушіні іздеуге шықты. Одан айырылып қалмау үшін олар екіге бөлінді

НҰР-СҰЛТАН, 9 мамыр – Sputnik. 6 мамырда таңертең белгісіз біреу Қостанай облысы Амангелді ауданының полициясына қоңырау шалып, айтылған мекенжайға келуді сұраған. Ол жерге барған учаскелік инспектор 55 жастағы ер адамды өлтіріп кеткенін анықтаған, деп хабарлады Tobolinfo порталы.

Сонымен қатар, кісі өлтіруші 84 жастағы зейнеткерді пышақтап тастаған – ол ауруханаға жеткізілді.

Күдіктіні іздеуге учаскелік инспектор, сондай-ақ бұрын ішкі істер органдарында қызмет еткен ауылдық округ әкімі аттанды.

Қайғылы оқиғаның куәгерлері күдіктінің тас жолға қарай кетіп бара жатқанын көргендерін айтты.

Күйеуін өлтіріп, анасының қабіріне көмген: елордалық әйелдің адам шошырлық қылмысы

Кісі өлтірушінің ізін суытпау үшін учаскелік полиция қызметкері мен әкім екіге бөлінді. 47 жастағы күдіктіні бірінші болып шенеунік көрді. Ол оны өз бетінше ұстамай, көмек шақырған.

Алайда ер адам көзге түсіп қалғанын түсініп, өзіне жарақат салып үлгерген. Ол аудандық ауруханаға жатқызылды.

Қылмыстық іс екі бап бойынша тергеліп жатыр: "Кісі өлтіру" және "Кісі өлтіруге оқталу". Қылмыстың мән-жайы анықталады, деп хабарлады полиция.

Жаңалықтар
0