Өңірлер

Теміртауда жанжалдасқан балалардың әкелері арасындағы қақтығыс оқ атумен аяқталды

© Sputnik / Рамиль Ситдиков / Медиабанкке өтуВыстрел из ружья, архивное фото
Выстрел из ружья, архивное фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 09.05.2021
Жазылу
Балалардың бірінің 43 жастағы әкесі қарсыласының бетінен ұрып жіберген, оған ашуланған 32 жастағы тұрғын үйден қару алып шыққан

НҰР-СҰЛТАН, 9 мамыр – Sputnik. 8 мамыр күні кешке Теміртау қаласындағы аулалардың бірінде кәмелетке толмаған екі бала төбелесіп қалды. Балаларды ажыратуға әкелері шықты, деп хабарлады eKaraganda.  

Мән-жайды анықтау барысында балалардың бірінің 43 жастағы әкесі қарсыласының бетінен ұрып жіберген, оған ашуланған 32 жастағы тұрғын үйден қару алып шығып, екі рет аспанға оқ атып, кетіп қалған.

Таразда 19 жастағы жігіт балаларға оқ атты – үшеуі ауруханаға түсті

Оқ ату салдарынан ешкім зардап шеккен жоқ. Қазақстан Қылмыстық кодексінің 293-бабының 3-бөлігі бойынша қылмыстық іс тіркелді.

"Қашқынды ұстау үшін облыстық ішкі істер органдарының жеке құрамы жұмылдырылды. Тергеу жүріп жатыр", - деп хабарлады Қарағанды ​​облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Жаңалықтар
0