Қоғам

Қазақстанда "Мәңгілік даңқ" онлайн-шеруі өтіп жатыр

© Sputnik / Евгений Биятов / Медиабанкке өтуУчастники шествия "Бессмертный полк", архивное фото
Участники шествия Бессмертный полк, архивное фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 09.05.2021
Жазылу
Акция онлайн режимінде өтіп жатқанына қарамастан, Жеңіс күні қазақстандықтар дәстүр бойынша бәрібір Ұлы Отан соғысында қаза тапқан жауынгерлерге құрмет көрсету үшін Мәңгілік алауға келді

НҰР-СҰЛТАН, 9 мамыр – Sputnik. Коронавирус пандемиясына байланысты Қазақстанда "Мәңгілік даңқ" акциясы онлайн режимінде ұйымдастырылды.

"Мәңгілік даңқ онлайн" шеруі екінші жыл қатарынан өтіп жатыр.

10 күн ішінде тілек білдірушілер Ұлы Отан соғысының батырлары туралы тарихи деректер мен фотосуреттерді жіберді.

Мыңдаған ардагердің портретін тікелей эфирде бүкіл ел көреді, деп хабарлады Salem Social Media Youtube арнасы.

Трансляция Нұр-Сұлтан уақытымен 15.00-ге дейін жалғасады.

Жаңалықтар
0