Өңірлер

Қазақ-қытай шекарасында жер сілкінісі болды

© Sputnik / Тимур БатыршинЖер сілкінісі, архивтегі сурет
Жер сілкінісі, архивтегі сурет - Sputnik Қазақстан, 1920, 08.05.2021
Жазылу
Жер сілкінісі Алматы уақытымен 8.53-те тіркелді, эпицентр екі елдің шекарасында орналасқан

НҰР-СҰЛТАН, 8 мамыр – Sputnik. Қазақстандық сейсмологтар жер сілкінісін тіркеді. Оның ошағы Қазақстан мен Қытай шекарасында, Алматыдан шығысқа қарай 320 шақырымда орналасқан.

СПУТНИК_LIVE:  Видеомост на тему Землетрясения в странах ближнего зарубежья - Sputnik Қазақстан, 1920, 15.04.2021
Видео
Неліктен жақын шетелдерде жер сілкінісі жиіледі – бейнекөпір
Ақпарат сейсмологиялық тәжірибелік-әдістемелік экспедиция сайтында жарияланды. Жер сілкінісі 8 мамыр Алматы уақытымен 8.53-те болған.

"Жер сілкінісінің энергетикалық класы – 10.5. Магнитуда MPV 4.9", - делінген хабарламада.

Жерасты дүмпулерінің сезілгені туралы мәлімет жоқ.

Бұған дейін Қазақстан мен Қырғызстан шекарасында магнитудасы 5,2 жер сілкінісі болғаны хабарланған еді.

Төтенше жағдайлар министрі Юрий Ильин Sputnik Қазақстанға берген эксклюзивті сұхбатында ғылым әзірге жер сілкінісінің уақыты мен орнын дәлме-дәл анықтай алмайтынын айтты. Ол құтқарушылардың әр үйдің маңында оқу-жаттығу өткізуге мүмкіндігі жоқ екенін, сол себепті қазақстандықтар өздері де қауіпсіздік шараларын қабылдауы қажет екенін атап өтті.

Жаңалықтар
0