НҰР-СҰЛТАН, 8 мамыр – Sputnik. Аралас жекпе-жек спортшысы британдық Майкл Пэйдж Bellator турнирінде техникалық нокаутпен жеңіске жетті, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
Жекпе-жектің видеосы аталған ұйымның Twitter желісіндегі парақшасында жарияланды.
This kick by @Michaelpage247 flattened Derek Anderson's nose 😬
— ESPN MMA (@espnmma) May 8, 2021
(via @BellatorMMA) pic.twitter.com/Q42LKAsNE2
34 жастағы Пэйджге америкалық спортшы Дерек Андерсон қарсылас атанған. Бірінші раундта-ақ британдық спортшы қарсыласына сол аяғымен сұмдық соққы жасап, мұрнын бет қып жіберді, деп жазады Lenta.ru.
Андерсон соған қарамастан күресті жалғастырған. Алайда, бірінші раундтан кейін дәрігерлер жекпе-жекті мерзімінен бұрын тоқтатты. Осылайша, Пэйдж техникалық нокаутпен жеңіске қолжеткізді.
Бұл оның мансабындағы 19-шы жеңісі және 15-ші кездесуін мерзімінен бұрын аяқтап отыр. Осы кезге дейін ол бір рет жеңілген.
Оқи отырыңыз: Қарсыласын "ұйықтатты": Қазақстан ММА-ден әлем чемпионатында 9 медаль жеңіп алды
Айта кетейік, Пэйдж Bellator, Super Fight League және UCMMA турнирлерінде жиі өнер көрсетуімен танымал болған спортшылардың бірі.
Ал осымен төртінші рет жеңіліске ұшыраған америкалық спортшы Андерсонның есебінде 17 жеңіс бар.