Фотоаппарат - Sputnik Қазақстан, 1920, 02.02.2022
Фото
Әлем және Қазақстан жаңалықтары - суреттер сөйлейді

Алматыдағы Ұлы Отан соғысының батырларына арналған ескерткіштер – фото

Жазылу
Бір жарым миллионға жуық қазақстандық Ұлы Отан соғысы жылдарында Отан үшін шайқасқа аттанып, қан майданға қатысты. Оның 600 мыңнан астамы ерлікпен қаза тапты

Алматыда ерлікпен қаза тапқан және қан майданда Отан үшін от кешкен қазақстандық батырларға арналған ескерткіштерді Sputnik фотолентасынан тамашалаңыз.

28 гвардиялық-панфиловшылар атындағы саябақ

Алматыдағы 28 гвардиялық-панфиловшылар атындағы саябақ қазақстандықтардың ерлігін еске салатын мегаполистің ең көрнекті орны саналады. Саябаққа бұл атау Мәскеуді қорғау кезінде Ұлы Отан соғысы жылдарында 316-шы атқыштар дивизиясының 1075-полкінің 28 жауынгерінің жасаған ерлігін есте сақтау мақсатында берілген.

Саябақтағы мәңгілік алау Даңқ мемориалы Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 30 жылдығына орай 1975 жылы 8 мамырда ашылды.

Мемориалдың ортасында ерліктің белгісі болып Мәскеуді ерлікпен қорғаған батыр-панфиловшылар бейнеленген. Оның алдында мәңгілік алау тұр. 2010 жылы саябақтың солтүстік жағында Кеңес Одағының батыры, панфиловшы, Мәскеу шайқасына қатысушы Бауыржан Момышұлының монументі орнатылды. Ол Панфилов дивизиясында Талғар атқыштар полкінің 1073-батальонына басшылық етті.

Саябаққа Оңтүстік жақтан кірген жерге 316-шы атқыштар дивизиясының командирі, Кеңес Одағының батыры, генерал-майор Иван Панфиловтың бюсті қойылған. Аты аңызға айналған командир 1941 жылы 18 қарашада Мәскеу маңындағы Гусенево ауылында қайтыс болды.

Генерал Панфилов ескерткішінен кейін бірден батыр-панфиловшылар аллеясы басталады. Ол саябақ аумағын Қазыбек би көшесінен Гоголь көшесіне дейін жалғасады. Оның бойында екі жағында 28 панфиловшы батырлардың есімі жазылған гранит тұғырлар орнатылған.

1993 жылы 28 гвардиялық-панфиловшылар атындағы саябақ Алматы мемлекеттік тарихи-сәулет және мемориалдық қорығының құрамына енді.

Әлия мен Мәншүк ескерткіші

Екі қазақстандық, Кеңес Одағының батырлары, пулеметші Мәншүк Мәметова мен мерген Әлия Молдағұловаға ескерткіш 1997 жылы мегаполистің қақ ортасында, Астана алаңының алдына орнатылды.

Әскери киім киген қыздардың мүсіні қара және сұр граниттен жасалған. Мүсінші Сатыбалдин қос қыздан бөлек ескерткішке Жер ғаламшары мен бейбітшіліктің символы көгершіндерді ұшырып тұрған сәбилерді де қосқан. Бұл жер бетінде мәңгі тыныш болсын деген ниеттен туған.

"Отан ұлдарына мәңгілік естелік"мемориалы

"Отан ұлдарына мәңгілік естелік" мемориалы Алматы қаласының Алатау ауданындағы Қарасу кентінде орналасқан. Оның ортасында сол қолында ППШ автоматы бар қазақстандық солдаттың мүсіні орналасқан кешен бар. Сол жақта, гранит плитасына Ұлы Отан соғысы жылдары және майданда қаза тапқан 96 қазақстандықтың фамилиясы жазылған.

Оқи отырыңыз: Нұр-Сұлтанда Талғат Бигелдиновтің алып мүсіні ашылды – фото

2019 жылдың күзінде бәзбіреулер түрлі-түсті металдардан жасалған мемориалдың бір бөлігін алып кетіп, бүлдірген. Ескерткіш әлі күнге дейін қалпына келтірілмеді. Қала билігі оны жылдың соңына дейін қалпына келтіруге уәде берді.

"Отан үшін шайқаста қаза тапқан батырларға мәңгілік даңқ" мемориалы

Ұлы Отан соғысын еске түсіретін бұл өте маңызды ескерткішті қала тұрғындары біле бермейді. Оған ескерткіштің орналасқан жері себеп болып отыр. Ол Райымбек даңғылындағы орталық зираттың орталық аллеясында орналасқан.

Ескерткіштің тарихы 1976 жылдан басталады. Ол жерге Алматы госпиталінде майданда алған жарақатынан қайтыс болған 560 жауынгер жерленген.

Жамбыл ескерткіші

1996 жылы Достық даңғылында Қабанбай батыр көшесінен жоғары орналасқан Жамбыл Жабаев ескерткіші бір қарағанда Ұлы Отан соғысын еске түсірмеуі мүмкін. Алайда мамыр мерекесінде оның жанында жыл сайын қала тұрғындары гүл шоқтарын қояды. Осылайша олар "Ленинградтық өренім!" өлеңін жазған ақынға құрмет көрсетеді.

Шығарма 1941 жылдың қыркүйегінде жарық көрген.

© Sputnik / Тимур БатыршинАлматыдағы 28 гвардияшыл-панфиловшылар атындағы саябақ Ұлы Отан соғысындағы қазақстандықтардың ерлігін еске салатын мегаполистің ең көрнекті орны болып табылады
Алматыдағы 28 гвардияшыл-панфиловшылар атындағы саябақ - Sputnik Қазақстан
1/22
Алматыдағы 28 гвардияшыл-панфиловшылар атындағы саябақ Ұлы Отан соғысындағы қазақстандықтардың ерлігін еске салатын мегаполистің ең көрнекті орны болып табылады
© Sputnik / Тимур БатыршинМәңгілік алауы бар Даңқ мемориалы Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 30 жылдығына орай 1975 жылы 8 мамырда ашылды
Даңқ мемориалы Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 30 жылдығына орай 1975 жылы 8 мамырда ашылды - Sputnik Қазақстан
2/22
Мәңгілік алауы бар Даңқ мемориалы Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 30 жылдығына орай 1975 жылы 8 мамырда ашылды
© Sputnik / Тимур БатыршинМемориалдың орталық бөлігінде "Подвиг" атауымен Мәскеуді неміс-фашист басқыншыларынан ерлікпен қорғаған батыр-панфиловшылар бейнеленген
Мемориалдың орталық бөлігі - Sputnik Қазақстан
3/22
Мемориалдың орталық бөлігінде "Подвиг" атауымен Мәскеуді неміс-фашист басқыншыларынан ерлікпен қорғаған батыр-панфиловшылар бейнеленген
© Sputnik / Тимур БатыршинЖыл сайын Жеңіс күні қарсаңында Алматы әскери-патриоттық клубының тәрбиеленушілері Мәңгілік алау маңын күзетеді
Жеңіс күні қарсаңында Алматы әскери-патриоттық клубының тәрбиеленушілері Мәңгілік алау маңын күзетеді - Sputnik Қазақстан
4/22
Жыл сайын Жеңіс күні қарсаңында Алматы әскери-патриоттық клубының тәрбиеленушілері Мәңгілік алау маңын күзетеді
© Sputnik / Тимур БатыршинЛабрадориттен жасалған текшелер астына он екі батыр-қала мен Брест қамалынан әкелінген жер капсуласы салынған.
Лабрадориттен жасалған текшелер - Sputnik Қазақстан
5/22
Лабрадориттен жасалған текшелер астына он екі батыр-қала мен Брест қамалынан әкелінген жер капсуласы салынған.
© Sputnik / Тимур Батыршин2010 жылы саябақтың солтүстік жағында Кеңес Одағының батыры, панфиловшы, Мәскеу шайқасына қатысқан Бауыржан Момышұлының монументі орнатылды. Панфилов дивизиясында ол Талғар атқыштар полкінің 1073-батальонында командир болды
Бауыржан Момышұлының монументі - Sputnik Қазақстан
6/22
2010 жылы саябақтың солтүстік жағында Кеңес Одағының батыры, панфиловшы, Мәскеу шайқасына қатысқан Бауыржан Момышұлының монументі орнатылды. Панфилов дивизиясында ол Талғар атқыштар полкінің 1073-батальонында командир болды
© Sputnik / Тимур БатыршинМомышұлы ескерткішінің жанына Ұлы Отан соғысы жылдарындағы артиллериялық қарулар орнатылған.
Момышұлы ескерткішінің жанына Ұлы Отан соғысы жылдарындағы артиллериялық қарулар орнатылған - Sputnik Қазақстан
7/22
Момышұлы ескерткішінің жанына Ұлы Отан соғысы жылдарындағы артиллериялық қарулар орнатылған.
© Sputnik / Тимур БатыршинҰлы Отан соғысы жылдарындағы Балтық флотының флагманы – "Киров" Қызыл ту крейсерінің қаруы. 28 гвардияшыл-панфиловшылар саябағының солтүстік-шығыс кіреберісінде орнатылған.
Ұлы Отан соғысы жылдарындағы Балтық флотының флагманы – Киров Қызыл ту крейсерінің қаруы - Sputnik Қазақстан
8/22
Ұлы Отан соғысы жылдарындағы Балтық флотының флагманы – "Киров" Қызыл ту крейсерінің қаруы. 28 гвардияшыл-панфиловшылар саябағының солтүстік-шығыс кіреберісінде орнатылған.
© Sputnik / Тимур БатыршинСаябаққа оңтүстік жақтан кіргенде 316-шы атқыштар дивизиясының командирі, Кеңес Одағының батыры, генерал-майор Иван Панфиловтың бюсті орналасқан.
Кеңес Одағының батыры, генерал-майор Иван Панфиловтың бюсті - Sputnik Қазақстан
9/22
Саябаққа оңтүстік жақтан кіргенде 316-шы атқыштар дивизиясының командирі, Кеңес Одағының батыры, генерал-майор Иван Панфиловтың бюсті орналасқан.
© Sputnik / Тимур БатыршинПанфиловшылар аллеясы саябақтың ішінде Қазыбек би көшесінен Гоголь көшесіне дейін созылып жатыр.
Панфиловшылар аллеясы саябақтың ішінде Қазыбек би көшесінен Гоголь көшесіне дейін созылып жатыр - Sputnik Қазақстан
10/22
Панфиловшылар аллеясы саябақтың ішінде Қазыбек би көшесінен Гоголь көшесіне дейін созылып жатыр.
© Sputnik / Тимур БатыршинАллеяның бойында екі жағында 28 батыр-панфиловшылардың есімі жазылған гранит тұғырлар орнатылған.
Аллеяның бойында екі жағында 28 батыр-панфиловшылардың есімі жазылған гранит тұғырлар орнатылған - Sputnik Қазақстан
11/22
Аллеяның бойында екі жағында 28 батыр-панфиловшылардың есімі жазылған гранит тұғырлар орнатылған.
© Sputnik / Тимур Батыршин1993 жылы 28 гвардияшыл-панфиловшылар атындағы саябақ Алматы мемлекеттік тарихи-сәулет және мемориалдық қорығының құрамына енді.
1993 жылы 28 гвардияшыл-панфиловшылар атындағы саябақ Алматы мемлекеттік тарихи-сәулет және мемориалдық қорығының құрамына енді - Sputnik Қазақстан
12/22
1993 жылы 28 гвардияшыл-панфиловшылар атындағы саябақ Алматы мемлекеттік тарихи-сәулет және мемориалдық қорығының құрамына енді.
© Sputnik / Тимур БатыршинКеңес Одағының батыры, қазақстандық пулеметші Мәншүк Мәметова мен мерген Әлия Молдағұловаға ескерткіш 1997 жылы орнатылды.
Кеңес Одағының батыры, қазақстандық пулеметші Мәншүк Мәметова мен мерген Әлия Молдағұловаға ескерткіш 1997 жылы орнатылды - Sputnik Қазақстан
13/22
Кеңес Одағының батыры, қазақстандық пулеметші Мәншүк Мәметова мен мерген Әлия Молдағұловаға ескерткіш 1997 жылы орнатылды.
© Sputnik / Тимур БатыршинОл мегаполистің қақ ортасында, Астана алаңының алдындағы скверде орналасқан.
Ол мегаполистің қақ ортасында, Астана алаңының алдындағы скверде орналасқан - Sputnik Қазақстан
14/22
Ол мегаполистің қақ ортасында, Астана алаңының алдындағы скверде орналасқан.
© Sputnik / Тимур БатыршинӘскери киім киген Кеңес Одағының батыр қыздарының мүсіндері қара және сұр граниттен жасалған.
Әскери киім киген Кеңес Одағының батыр қыздарының мүсіндері қара және сұр граниттен жасалған. - Sputnik Қазақстан
15/22
Әскери киім киген Кеңес Одағының батыр қыздарының мүсіндері қара және сұр граниттен жасалған.
© Sputnik / Тимур Батыршин Batyrshin Timur"Отан ұлдарына мәңгілік естелік" мемориалы Алматы қаласының Алатау ауданындағы Қарасу кентінде орналасқан.
Отан ұлдарына мәңгілік естелік мемориалы Алматы қаласының Алатау ауданындағы Қарасу кентінде орналасқан. - Sputnik Қазақстан
16/22
"Отан ұлдарына мәңгілік естелік" мемориалы Алматы қаласының Алатау ауданындағы Қарасу кентінде орналасқан.
© Sputnik / Тимур Батыршин Batyrshin Timur2019 жылдың күзінде ескерткішті бәзбіреулер бұзып кеткен. Ол қазірге дейін жөнделмеген. Ескерткішті қалпына келтіру 2021 жылға жоспарланған.
2019 жылдың күзінде ескерткішті бәзбіреулер бұзып кеткен - Sputnik Қазақстан
17/22
2019 жылдың күзінде ескерткішті бәзбіреулер бұзып кеткен. Ол қазірге дейін жөнделмеген. Ескерткішті қалпына келтіру 2021 жылға жоспарланған.
© Sputnik / Тимур Батыршин Batyrshin Timur"Отан үшін шайқаста қаза тапқан батырларға мәңгілік даңқ" мемориалы Райымбек даңғылындағы орталық зираттың орталық аллеясында орналасқан.
Отан үшін шайқаста қаза тапқан батырларға мәңгілік даңқ мемориалы Райымбек даңғылындағы орталық зираттың орталық аллеясында орналасқан. - Sputnik Қазақстан
18/22
"Отан үшін шайқаста қаза тапқан батырларға мәңгілік даңқ" мемориалы Райымбек даңғылындағы орталық зираттың орталық аллеясында орналасқан.
© Sputnik / Тимур Батыршин Batyrshin TimurМемориалдың құрамына биіктігі тоғыз метрлік сүмбі мен сарбаздар есімі жазылған тұғыр және кеудесінде Даңқ ордені бар жауынгердің бейнесі кіреді.
Кеудесінде Даңқ ордені бар жауынгердің бейнесі - Sputnik Қазақстан
19/22
Мемориалдың құрамына биіктігі тоғыз метрлік сүмбі мен сарбаздар есімі жазылған тұғыр және кеудесінде Даңқ ордені бар жауынгердің бейнесі кіреді.
© Sputnik / Тимур Батыршин Batyrshin TimurОл жерге Алматы госпиталінде жарақаттан қайтыс болған 560 жауынгер жерленген
Ол жерге Алматы госпиталінде жарақаттан қайтыс болған 560 жауынгер жерленген - Sputnik Қазақстан
20/22
Ол жерге Алматы госпиталінде жарақаттан қайтыс болған 560 жауынгер жерленген
© Sputnik / Тимур Батыршин Batyrshin TimurЖамбыл Жабаев ескерткіші Достық даңғылында Қабанбай батыр көшесінің жоғары жағында орналасқан.
Жамбыл Жабаев ескерткіші Достық даңғылында Қабанбай батыр көшесінің жоғары жағында орналасқан. - Sputnik Қазақстан
21/22
Жамбыл Жабаев ескерткіші Достық даңғылында Қабанбай батыр көшесінің жоғары жағында орналасқан.
© Sputnik / Тимур Батыршин Batyrshin TimurЖыл сайын алматылықтар "Ленинградтық өренім!" өлеңі үшін ақынға құрмет көрсетеді
Жыл сайын алматылықтар Ленинградтық өренім! өлеңі үшін ақынға құрмет көрсетеді - Sputnik Қазақстан
22/22
Жыл сайын алматылықтар "Ленинградтық өренім!" өлеңі үшін ақынға құрмет көрсетеді
Жаңалықтар
0