Өңірлер

"Сен сайлаған жоқсың мені " деген Жаркент әкімі жазаланды – видео

© Sputnik / Екатерина Штукина / Медиабанкке өтуАрхивное фото портфеля
Архивное фото портфеля - Sputnik Қазақстан, 1920, 07.05.2021
Жазылу
Қала басшысы өзін жан-жақтан видеоға түсіріп тұрғанына қарамастан адамдарды сөгіп, бейәдеп сөйлеген

АЛМАТЫ, 7 мамыр – Sputnik. Алматы облысы Жаркент қаласының әкімі Болат Омаров белсенділерді қолдауға шыққан көлік жүргізушілеріне дөрекі жауап бергені үшін тәртіптік жауапкершілікке тартылды.

Алматы облысы мемлекеттік қызмет істері агенттігі баспасөз қызметінің мәліметінше, әлеуметтік желіде видео жарияланғаннан кейін қала басшысы тәртіптік жазаға тартылды. Ол жерде қала әкімі тұрғындармен өте дөрекі сөйлескен.

"Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Алматы облысы бойынша департаменті әлеуметтік желілерге мониторинг жүргізу барысында Жаркент қаласының әкімі Омаровқа қатысты видеоларды анықтады. Сол бойынша департамент тиісті шаралар қабылдау үшін Алматы облысы әкімінің аппаратына хат жолдады", - деп хабарлады агенттіктің баспасөз қызметі.

5 мамырда облыс әкімі аппаратының әдеп жөніндегі уәкілі қала басшысын тәртіптік жауапкершілікке тартты: Болат Омаровқа қатаң сөгіс жарияланды.

Видеода ол кешкі уақытта жиналғандармен кездеседі. Бәріне "сен" деп сөйлеп, қайтуға үндейді. Жиналғандардың бірі "Әкім мырза, сізді халық сайлады ғой, бәрін жайлап түсіндіріп берсеңізші" дегенде, "Сен сайлаған жоқсың мені" деп жауап берген Болат Омаров.

Алматы облысында әкім мен жүргізушілердің қақтығысы видеоға түсіп қалды

Айта кетейік, облыста шенеуніктер бұған дейін де дөрекілік көрсетіп есте қалған еді. 2020 жылдың сәуірінде Талдықорғанның бұрынғы әкімі Ғалымжан Әбдірайымов қала ішінде жүріп, карантин талаптарын бұзғандарды әшкерелеген. Ол тұрғынның барлығына "сен" деп сөйлегені үшін қазақстандықтардың сынына қалды.

Жаңалықтар
0