Қоғам

Тоқаев қазақстандықтарды Отан қорғаушы күнімен құттықтады

© Sputnik / Анатолий УстиненкоУчения "Кобальт-2018" коллективных сил ОДКБ
Учения Кобальт-2018 коллективных сил ОДКБ - Sputnik Қазақстан, 1920, 07.05.2021
Жазылу
Мемлекет басшысы Қазақстанда заманауи қару-жарақпен және жаңа техникамен жабдықталған қуатты армия жасақталғанын атап өтті

НҰР-СҰЛТАН, 7 мамыр — Sputnik. Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандықтарды Отан қорғаушы күнімен құттықтады, деп хабарлады Ақорда.

"Біз бұл күні Қарулы күштеріміздің ардагерлеріне және еліміздің егемендігі мен ұлттық мүддесін қорғап тұрған, антына адал әскери қызметшілерге құрмет көрсетеміз. Қазақстан жер жүзіне қашанда бейбітшілікті жақтайтын және жауапкершілігі жоғары мемлекет ретінде танымал. Сондай-ақ, экономикалық, гуманитарлық мүмкіндіктері ғана емес, әскери әлеуеті де мықты елге айналдық", - делінген құттықтау мәтінінде. 

Оқи отырыңыз: Тоқаев әскерилер мен полицейлерге генерал атағын берді 

Тоқаев Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың орасан еңбегінің арқасында заманауи қару-жарақпен және жаңа техникамен жабдықталған қуатты армия жасақталғанын атап өтті.

"Қарулы күштеріміздің барлық құрылымында қызмет ететін сарбаздар мен сардарлардың жауынгерлік рухы, отаншылдығы, әскери дайындығы және кәсіби машығы еліміздің қорғаныс қабілетінің жоғары болуын қамтамасыз етеді", - деп толықтырды мемлекет басшысы. 

Президент сондай-ақ мемлекет туған жері үшін аянбай еңбек етіп, әскери қызметке бүкіл ғұмырын арнаған отансүйгіш перзенттерін жан-жақты қолдауға айрықша мән беретінін мәлімдеді. Айтуынша, Қазақстанның міндеті – жаңа геосаяси ахуалға сай еліміздің қорғаныс қабілетін одан әрі нығайта түсу. Армия – мемлекеттігіміздің мызғымас тірегі, Тәуелсіздігіміздің кепілі.

Қасым-Жомарт Тоқаев сөз соңында Қазақстан Республикасының әскери қызметшілеріне халқымыздың қауіпсіздігі мен бейбіт өмірі жолындағы мінсіз қызметі үшін ризашылығын білдірді.

Жаңалықтар
0