НҰР-СҰЛТАН, 7 мамыр — Sputnik. Қарағанды облысында су тасқыны кезінде із-түзсіз жоғалған экс-депутат Нұрлан Сүлейменовтің денесі бір ай дегенде әрең табылған болатын. Құтқарушылардың бірі іздеу жұмыстарының неліктен созылып кеткенін түсіндірді.
Александр Вицудың айтуынша, кәсіпкердің денесі өзен түбіндегі шіліктерге шырмалып қалған.
"Дене ағыстың қаттылығынан қарқынмен келіп, қалың шілікке қыстырылып қалған. Су деңгейі жоғары кезде шіліктің арасынан көрінбеген. Су түбінде осындай тал шіліктердің көптігі іздеуді қиындатты. Су шамамен 70 сантимерге дейін түскенде ғана көрінді. Шалқасынан жатыр, денеде жарақат белгісі жоқ", - дейді ол.
Шаруа қожалығының иесі жоғалғаннан екі күннен кейін оның көлігі Нұра өзенің Тассуат ауылы маңындағы өткел тұсынан табылған, деп хабарлады КТК.
Солтүстік Қазақстанда өзеннен шығарылған көліктен ер адамның мәйіті табылды
Қызыл су жолдан асқанда Сүлейменов тізіндеген көлік көпірден тайып кетуі мүмкін деген болжам болды. Бірақ оның өзі табылмай, ел жұрт қастандық жасалуы мүмкін деп сан-саққа жүгіртті. Ал туыстары марқұм кепілде отыр деп соңына дейін үміт үзбеген. Дегенмен көліктің көпірден ауып кеткенін көргендер табылыпты. Сондықтан іздеу жұмыстары тоқтатылмай, өзен арнасының 170 шақырым жері тексерілген. Алайда 62 жастағы кәсіпкердің денесі көлік құлаған жерден небәрі төрт шақырым жерден су деңгейі төмендегенде ғана көрінген.