Қоғам

Атырау облысының бас санитар дәрігері жаңа қаулы шығарды

© AFP 2024 / HECTOR RETAMALПожилой человек держит держит маску в руке
Пожилой человек держит держит маску в руке - Sputnik Қазақстан, 1920, 07.05.2021
Жазылу
Жаңа қаулы 10 мамырда сағат 00:00-ден бастап күшіне енеді

АЛМАТЫ, 7 мамыр – Sputnik. Атырау облысының бас санитар дәрігері жаңа қаулыға қол қойды. Соған сәйкес облыста эпидемиологиялық жағдай тұрақталғанға дейін бірқатар шектеу шаралары енгізілді.

Облыстың бас санитар дәрігері 65 жастан асқан адамдарға аса қажеттілік болмаса тұрғылықты жерінен шықпауға, барлық тұрғынға көпшілік жиналуы мүмкін орындарға бармауға кеңес берді.

Бір отбасы мүшесін қоспағанда облыс халқы демалатын алаңдарда, скверлерде, жағалауларда 3 адамнан артық жиналмауы керек.

Сондай-ақ бұрынғыша көпшілік іс шараларды өткізуге тыйым салынған. Ashyq жобасына қатысатын әлеуметтік-экономикалық объектілердің қызметін қоспағанда ойын-сауық объектілері, банкет залдары, жабық үй-жайдағы балалар ойын-сауық орталықтары мен аттракциондары, ойын алаңдары, кальян, бильярд, боулинг, букмекерлік кеңсе қызметіне тыйым салынған.

Оқи отырыңыз: Атырауда коронавирустың ауыр формасына шалдыққан әйел босанғаннан кейін көз жұмды

Мемлекеттік органдар мен квазимемлекеттік сектор ұйымдары қызметкерлерінің кемінде 50%-і қашықтан жұмыс істеуге ауысуы қажет. CОVID-19-ға қарсы вакцинацияның толық курсын алған және соңғы 6 ай ішінде COVID-19-бен ауырып жазылған барлық қызметкердің күндізгі режимде жұмыс істеуіне рұқсат берілген.

Жиналыс, семинар, конференцияларды оффлайн режимде өткізуге болмайды. ХҚКО 9.00-ден 18.00-ге дейін ашық болады. Карантин шараларын сақтау үшін ХҚКО-ға және мамандандырылған ХҚКО-ға алдын ала Egov.kz, EgovKZBot 2.0 телеграмм-ботпен брондау қажет.

Облыста оқушы саны 300-ге дейінгі қалалық және ауылдық мектептер сыныпта бала санын 25 адамнан асырмай, дәстүрлі форматта оқиды. Жалпы білім беретін мектептерде 1 сыныптан бастап 5 сыныпты қоса алғанда, халықаралық мектептерде 1-7 сыныптар бала санын 25-тен асырмай аралас форматта оқиды.

Бітіруші сыныптар аптаның 6 күні ішінде пәндердің 70%-ін штаттық режимде, 30%-ін қашықтан оқиды.

Балалар сауықтыру ұйымдарында адамдар саны 50%-тен, мәдени объектілердің (репетициялар) жұмысы 30 адамға дейін, театр, кинотеатр, концерт залдары, филармониялардың толтырылуы 20%-тен аспайды. Спорт шаралары кезінде көрермен саны 15%-тен аспауы қажет.

Қоғамдық тамақтану объектілері 07.00-ден 24.00-ге дейін жұмыс істейді.

Қаулы 10 мамырда сағат 00:00-ден бастап күшіне енеді. Толығырақ мына жерден оқи аласыздар.

Жаңалықтар
0