Өңірлер

Теңізде жұмысшылар ереуілге шықты

© Газета Ак Жайык/youtube/скрин видеоНа Тенгизе бастуют рабочие "Казстройсервиса"
На Тенгизе бастуют рабочие Казстройсервиса - Sputnik Қазақстан, 1920, 06.05.2021
Жазылу
"Қазқұрылыссервис" компаниясының директоры ереуілге шыққан азаматтар жұмыстан босатылмайтынын мәлімдеді

НҰР-СҰЛТАН, 6 мамыр – Sputnik. "Теңізшевройл" компаниясына қарасты "Қазқұрылыссервис" қосалқы мердігер мекемесінің қызметкерлері жалақының төмендігіне наразылық білдіру үшін ереуілге шықты, деп хабарлайды компанияның баспасөз қызметі. 

"Қазқұрылыссервис" компаниясының басшылығы еңбекақысына көңілі толмайтын жұмысшылармен мәселені шешуге кірісті.

"Мен әуежайға бара жатырмын. Атырауға дейін ұшақпен жетіп, одан соң Теңізге қарай бет аламын. Әзірше ешқандай түсініктеме бере алмаймын. Оқиға орнында мән-жайды анықтайтын боламыз", – деді "Қазқұрылыссервис" бас директоры Сәбит Жанасов.

Бас директордың айтуынша, ереуілге шыққан азаматтар жұмыстан босатылмайды.

Қазіргі кезде Теңіздегі ереуілге не себеп болғаны анықталып жатыр.

Теңіз кен орны Атыраудан оңтүстік-шығысқа қарай 350 шақырым қашықтықта Қазақстанның солтүстік-батысында орналасқан.

Оқи отырыңыз: Теңізде болған жағдайдың видеосы желіде тарады

Еске салсақ, сәуірде Талдықорған автопаркінің жүргізушілері жалақының ұзақ уақыт берілмеуіне байланысты ереуілге шықты. Алайда олардың тиісті жалақысының белгілі бір бөлігі ғана берілгені белгілі болды.

Жаңалықтар
0