НҰР-СҰЛТАН, 6 мамыр – Sputnik. Алдағы төрт күн демалыста – 7 мен 10 мамыр аралығында елордада автобустар қалай жүретіні белгілі болды.
Елордалық CTS көлік компаниясы баспасөз қызметінің мәліметінше, мереке күндері, яғни 7, 8 және 10 мамырда қоғамдық көлік қалыпты режимде жұмыс істейді. Тек 9 мамырда ғана тоқтайды.
"Нұр-Сұлтанда және қала маңына қатынайтын бағдарлардың қозғалысы жексенбі күні, яғни 9 мамырда бір күнге тоқтатылып, дезинфекциялық жұмыстар жүргізіледі", - делінген хабарламада. ⠀
Көлік компаниясы жолаушыларға автобусқа бетпердесіз кіруге болмайтынын тағы бір мәрте ескертті.⠀
Жол ақысы қолма-қол ақшасыз төленеді: карта көмегімен немесе QR-код сканерлеу/көлік кодын енгізу арқылы.
Еске салсақ, биыл қазақстандықтар мамыр мерекелерінде қатарынан төрт күн – 7, 8, 9 және 10 мамырда демалады.