Қоғам

Міндетті төлемнің түскенін қайдан білуге болады: Қазақстанда мобильді қосымша іске қосылды

© Photo : PixabayApple на страже частной жизни: компания планирует отключить опцию отслеживания местонахождения человека
Apple на страже частной жизни: компания планирует отключить опцию отслеживания местонахождения человека - Sputnik Қазақстан, 1920, 06.05.2021
Жазылу
Мамандардың түсіндіруінше, деректерге қол жеткізу үшін электрондық цифрлық қолтаңба немесе SMS құпия сөзі арқылы сәйкестендіруден өту қажет

НҰР-СҰЛТАН, 6 мамыр – Sputnik. Бұдан былай қазақстандықтар жұмыс берушінің қанша жалақы, табыс салығы мен әлеуметтік төлемдерді аударғанын тексере алады. Мемлекеттік кірістер комитеті Е-Salyq Azamat мобильді қосымшасындағы "қызметкердің еңбегіне ақы төлеу" сервисін іске қосты, деп хабарлайды ведомствоның баспасөз қызметі.

"Бұл жүйе қызметкерге есептелген жеке табыс салығы мен зейнетақы жарнасының, міндетті әлеуметтік аударымның және медициналық сақтандыруға әлеуметтік төлем сомаларын қарап шығуға мүмкіндік береді. Сервисте 2020 жылдың барлық кезеңдерін қарауға болады", – делінген хабарламада.

Мамандардың түсіндіруінше, деректерге қол жеткізу үшін электрондық цифрлық қолтаңба немесе SMS құпия сөзі арқылы сәйкестендіруден өту қажет. Ал SMS хабарлама мобильді азаматтар базасында (ХҚКО) тіркелген ұялы телефон нөміріне түседі.

Сондай-ақ, деректерді қарау үшін "салық әмияны", "қызметкердің еңбегіне ақы төлеу" қосымша бетін таңдап, жыл мен кезеңді таңдау керек. Ол жерде мәліметтер болмаған немесе деректер сәйкес келмеген жағдайда, салық есептілігін түзету үшін жұмыс берушіге жүгінуге тура келеді.

Оқи отырыңыз: Алматыда жүруге кімге рұқсат берілгенін мобильді қосымша арқылы тексеруге болады

Айта кетейік, E-Salyq Azamat тегін мобильді қосымшасын App Store немесе Play Market-тен жүктеуге болады.

Жаңалықтар
0