Қоғам

Грузияда қазақ қызы белгісіз жағдайда көз жұмды

© PhotoАрхивтегі сурет
Архивтегі сурет - Sputnik Қазақстан, 1920, 06.05.2021
Жазылу
Қазақстандық консулдар қыздың неден қаза болғанын анықтау үшін Грузияның құқық қорғау органдарымен бірлесіп жұмыс істеп жатыр

НҰР-СҰЛТАН, 6 мамыр – Sputnik. Қазақстанның сыртқы істер министрлігі Грузияда 26 жастағы қазақ қызының көз жұмғаны туралы ақпаратты тексеріп жатыр.

"Хабар 24" телеарнасының ақпаратынша, Қазақстан азаматы Әсел Айтпаева Грузияда белгісіз жағдайда қаза болды.

Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі Sputnik Қазақстанға қыздың туысқандары елшілікке өтінішпен жүгінгенін айтты.

"Қыздың туыстары Қазақстанның Грузиядағы елшілігіне жүгінді. Қазір консулдық қызметкерлері ақпаратты тексеріп жатыр, грузиялық полициямен байланыста", - деді Қазақстанның сыртқы істер министрлігіндегілер.

Телеарнаның ақпаратынша, марқұмның сіңлісі қыздың өлер алдында құрбысына аудиожазба жіберіп үлгергенін айтты. Онда белгісіз ер адамның қоқан-лоққы көрсетіп жатқаны естіледі.

Алдын ала мәліметке сүйенсек, Әсел Айтпаева Грузияға бір ай бұрын ақша табуға кеткен. Ал бірнеше күн бұрын жақындарымен байланысқа шықпай қойған.

Жаңалықтар
0