Өңірлер

Бурабайда такси жүргізушісі жолаушылар қолынан қаза тапты

© Sputnik / Наталья Селиверстова / Медиабанкке өтуЗнак такси на автомобиле
Знак такси на автомобиле - Sputnik Қазақстан, 1920, 05.05.2021
Жазылу
Мас күйде болған жолаушылардың бірі көліктен түсуді талап еткен жүргізушіні тұншықтырса, екіншісі басынан бөтелкемен ұрған

НҰР-СҰЛТАН, 5 мамыр – Sputnik. Ақмола облысында 3 мамырдан 4 мамырға қараған түні такси жүргізушісі жолаушылар қолынан қаза тапты, деп хабарлайды 716.kz ақпараттық порталы.

Бурабай ауданының кезекші бөліміне 45 жастағы жергілікті тұрғыннан қоңырау түскен. Ол 19 жастағы ұлын іздеуге көмектесуді сұраған.

Полиция қызметкерлері Щучинск қаласының 22 жастағы тұрғыны мен Қатаркөл ауылының 20 жастағы тұрғынын тұтқындады.

Алдын ала нұсқа бойынша, екі дос Катаркөлден Щучинскке көлік ұрлау үшін баруды ойластырады. Ол жерге дейін Индрайвер арқылы тапсырыс беріп, таксимен жетіп алуды көздейді. Қаскөйлердің арам пиғылына 19 жастағы жасөспірім тап болды.

"Жолаушылар мас күйде болғандықтан жүргізуші олардың көліктен түсуін талап етеді. Оны орындаудан бас тартқанда жанжал шығып, соңы төбелеске ұласады. Күдіктілердің бірі жүргізушіні тұншықтырып, екіншісі шыны бөтелкемен басынан ұрады. Жәбірленуші құлаған кезде қаскөйдің бірі сынық бөтелкемен жас жігіттің мойнын тіліп жібереді", – делінген хабарламада.

Sputnik Қазақстан Ақмола облысы полиция департаментінің баспасөз қызметінен осы оқиғаға қатысты ресми сауал жолдады. Қазірше жауап келген жоқ.

Оқи отырыңыз: Ақмола облысында көмір алуға барған зейнеткер қаза тапты

Жаңалықтар
0