Фотоаппарат - Sputnik Қазақстан, 1920, 02.02.2022
Фото
Әлем және Қазақстан жаңалықтары - суреттер сөйлейді

Әсерлі фламенкодан сезімге толы тангоға дейін: әлем елдерінің биі – фото

Жазылу
НовостиTelegram
Жоғары деңгейде орындалған би сөзбен айтып жеткізе алмайтын сезімдерді оятып, денені тітіркендірердей көңіл-күй сыйлайды

Байырғы адамдардың биінде дәстүр маңызды рөл ойнаса, қазіргі биде эстетикалық құрылымға көп мән беріледі.

Сәуір айының соңында дүниежүзілік би күні өтті. Бұл мереке 1982 жылы ЮНЕСКО-ның халықаралық би кеңесінің (International Dance Council, CID) бастамасымен пайда болды. "Заманауи балеттің негізін қалаушы" ретінде тарихқа енген француз балетмейстері Жан-Жорж Новеррдің туған күнінің құрметіне белгіленді.

Оқи отырыңыз: "Оскарға" жұлдыздар не киеді: жұрттың қызу талқысына түскен көйлектер – фото

Би кезіндегі қимыл көңіл-күйді айқындап, әрбір адамның жанына жақын сезімді аңғартады. Кейбір би жекпе-жекті білдірсе, кейбірі медитацияны, тіпті діни рәсімді де бейнелейді.

© Sputnik / Саид Царнаев / Медиабанкке өтуҚазақтың халық биі сипаттау элементтерінен тұрады. Біздің заманымызға дейін жеткен мұндай би ретінде тоқымашылардың іс-әрекетін сипаттайтын өрмек биді, қымыз тасыған бойжеткеннің қимылына арналған шалқыма биін, бүркіттің қоян аулауын суреттейтін қоян биді, арқар мен таутекеге арналған ортеке биін, ойнақтаған бураның келесінен адасып қалуы, ұрыға кезігуі, ұрының жан сауғалап қашуы өрнектелген бура биді атауға болады.
Артисты театра танца Наз на конкурсе имени Махмуда Эсамбаева  - Sputnik Қазақстан
1/13
Қазақтың халық биі сипаттау элементтерінен тұрады. Біздің заманымызға дейін жеткен мұндай би ретінде тоқымашылардың іс-әрекетін сипаттайтын өрмек биді, қымыз тасыған бойжеткеннің қимылына арналған шалқыма биін, бүркіттің қоян аулауын суреттейтін қоян биді, арқар мен таутекеге арналған ортеке биін, ойнақтаған бураның келесінен адасып қалуы, ұрыға кезігуі, ұрының жан сауғалап қашуы өрнектелген бура биді атауға болады.
© AFP 2022 / Yasuyoshi ChibaБразилияның Рио-де-Жанейро қаласындағы карнавал кезіндегі Unidos da Tijuca самба мектебінің өнерпаздары. Бразилиялық би деп саналатын самбаның түптамыры Баия штатынан бастау алады. Уақыт өте келе елуге жуық адамнан тұратын алғашқы самба мектептері мен блоктары пайда болды. Бразилиядағы алғашқы карнавал 1920-1930-жылдары ұйымдастырылды. Бүгінде бұл іс-шара тек Рио-де-Жанейро емес, басқа да ірі қалалардағы дәстүрлі шеруге айналды. Карнавал кезінде самба би мектептері "Ең үздік мектеп" атағын жеңіп алу үшін жарысады.
Представители школы самбы Unidos da Tijuca на карнавале в Рио-де-Жанейро, Бразилия - Sputnik Қазақстан
2/13
Бразилияның Рио-де-Жанейро қаласындағы карнавал кезіндегі Unidos da Tijuca самба мектебінің өнерпаздары. Бразилиялық би деп саналатын самбаның түптамыры Баия штатынан бастау алады. Уақыт өте келе елуге жуық адамнан тұратын алғашқы самба мектептері мен блоктары пайда болды. Бразилиядағы алғашқы карнавал 1920-1930-жылдары ұйымдастырылды. Бүгінде бұл іс-шара тек Рио-де-Жанейро емес, басқа да ірі қалалардағы дәстүрлі шеруге айналды. Карнавал кезінде самба би мектептері "Ең үздік мектеп" атағын жеңіп алу үшін жарысады.
© AP Photo / Jae HongТокиодағы кабуки театрының әртістері регбиден әлем чемпионатының ашылу салтанатында өнер көрсетуде. Кабуки – Жапониядғы дәстүрлі театр түрлерінің бірі. Кабуки кезінде ән, музыка, би мен драма үйлесім табады. Кабукиді орындаушыларға күрделі грим жасалады. Бишілер символикалық мағынасы бар костюмдер киеді.
Исполнители кабуки в Токио - Sputnik Қазақстан
3/13
Токиодағы кабуки театрының әртістері регбиден әлем чемпионатының ашылу салтанатында өнер көрсетуде. Кабуки – Жапониядғы дәстүрлі театр түрлерінің бірі. Кабуки кезінде ән, музыка, би мен драма үйлесім табады. Кабукиді орындаушыларға күрделі грим жасалады. Бишілер символикалық мағынасы бар костюмдер киеді.
© Sputnik / Igor Kostin / Медиабанкке өтуУкраина КСР мемлекеттік академиялық би ансамблінің орындауындағы "Гопак" биі. Зерттеушілердің пікірінше, бұл би XVI-XVIII ғасырларда Запорож әскерінің тұрмыстық өмірінде қалыптасқан және оны жеке адам ғана орындаған. Гопак казактардың ерлігін, батырлығы мен күш-қуатын паш ететін би болғандықтан о баста бұл тек ер адамдардың биі болып келген. Гопактың пайда болуы Кубань казактарының жауынгерлік дәстүріне негізделген "пластун" қоян-қолтық ұрысымен тікелей байланысты.
Танец Гопак в исполнении артистов Государственного заслуженного академического ансамбля танца Украинской ССР имени Павла Вирского - Sputnik Қазақстан
4/13
Украина КСР мемлекеттік академиялық би ансамблінің орындауындағы "Гопак" биі. Зерттеушілердің пікірінше, бұл би XVI-XVIII ғасырларда Запорож әскерінің тұрмыстық өмірінде қалыптасқан және оны жеке адам ғана орындаған. Гопак казактардың ерлігін, батырлығы мен күш-қуатын паш ететін би болғандықтан о баста бұл тек ер адамдардың биі болып келген. Гопактың пайда болуы Кубань казактарының жауынгерлік дәстүріне негізделген "пластун" қоян-қолтық ұрысымен тікелей байланысты.
© Photo : Public domain / Erin A. Kirk-CuomoМаори жауынгерлері "хака" сәлемдесу биін орындап жатыр. Хака – жаңазеландиялық маоридің салттық биі. Бұл би кезінде орындаушылар жер тепкілеп, өздерін бөксе және кеуде тұстарынан соққылайды. Бұл маори тайпасының ең танымал музыка өнерінің бірі. Хаканы би деп қана қарастыруға болмайды. Себебі хаканы орындау кезінде аяқ пен қол, дене, тіл және көздер өзіне тиісті белгілі бір қимылды орындауы керек. Бұл би барысында бет-ауызды қисайту – басты талаптың бірі. Бишінің біліктілігі де дәл осы бет-ауызды қисайта алуымен анықталады.
Воины маори исполняют хака, что означает танец приветствия - Sputnik Қазақстан
5/13
Маори жауынгерлері "хака" сәлемдесу биін орындап жатыр. Хака – жаңазеландиялық маоридің салттық биі. Бұл би кезінде орындаушылар жер тепкілеп, өздерін бөксе және кеуде тұстарынан соққылайды. Бұл маори тайпасының ең танымал музыка өнерінің бірі. Хаканы би деп қана қарастыруға болмайды. Себебі хаканы орындау кезінде аяқ пен қол, дене, тіл және көздер өзіне тиісті белгілі бір қимылды орындауы керек. Бұл би барысында бет-ауызды қисайту – басты талаптың бірі. Бишінің біліктілігі де дәл осы бет-ауызды қисайта алуымен анықталады.
© AFP 2022 / Adem AltanСопылық дәруіштер "Сема" дәстүрін орындап жатыр. "Сема" – зікірдің бір түрі саналатын сопылық жоралғы. Ол ән айту, муыкалық аспапта ойнау, би, мәнерлеп өлең және дұға оқу және діни сипаттағы арнайы киім киюді қамтиды. Үндістанның Чишти сопылық тарикатында құдайға құлшылық ету ретінде аса танымал. 2005 жылы ЮНЕСКО "Мевлеви сема жоралғысын" материалдық емес мәдени мұра деп таныды.
Дервиши во время Суфийского кружения в Турции  - Sputnik Қазақстан
6/13
Сопылық дәруіштер "Сема" дәстүрін орындап жатыр. "Сема" – зікірдің бір түрі саналатын сопылық жоралғы. Ол ән айту, муыкалық аспапта ойнау, би, мәнерлеп өлең және дұға оқу және діни сипаттағы арнайы киім киюді қамтиды. Үндістанның Чишти сопылық тарикатында құдайға құлшылық ету ретінде аса танымал. 2005 жылы ЮНЕСКО "Мевлеви сема жоралғысын" материалдық емес мәдени мұра деп таныды.
CC BY-SA 2.0 / Lorie Shaull / Prairie Island Indian Community Wacipi (powow)АҚШ-тағы үнділер резервациясындағы Пау-вау фестивалі. Пау-вау – солтүстікамерикалық үндістердің жиыны. Наррагансеттер тілінде "пау-вау" сөзі "рухани көшбасшы" дегенді білдіреді. Қазіргі пау-вау кезінде АҚШ-тың заманауи тұрғындары мен байырғы халқы ән айтып, би билеу және әңгіме-дүкен құру үшін бас қосатын шара. Пау-вау кезінде ақшалай жүлде қоры бар би жарыстары жиі ұйымдастырылады. Пау-вау бірнеше сағаттан үш күнге дейін, кейде тіпті бір аптаға дейін созылуы мүмкін.
Pow-Wow на Индейской резервации в США - Sputnik Қазақстан
7/13
АҚШ-тағы үнділер резервациясындағы Пау-вау фестивалі. Пау-вау – солтүстікамерикалық үндістердің жиыны. Наррагансеттер тілінде "пау-вау" сөзі "рухани көшбасшы" дегенді білдіреді. Қазіргі пау-вау кезінде АҚШ-тың заманауи тұрғындары мен байырғы халқы ән айтып, би билеу және әңгіме-дүкен құру үшін бас қосатын шара. Пау-вау кезінде ақшалай жүлде қоры бар би жарыстары жиі ұйымдастырылады. Пау-вау бірнеше сағаттан үш күнге дейін, кейде тіпті бір аптаға дейін созылуы мүмкін.
© AFP 2022 / Sonny TumbelakaБалиліктер ұйымдастырған флешмоб кезінде Бали аралының бес мыңға жуық тұрғыны бір мезетте бірлесіп "Кечак" биін орындады. Ол 1930-жылдары пайда болған бали музыкалық драмасының үлгісі болып саналады. Мұны торлы саронга киген 100 және одан да көп ер адам орындайды. Бишілер өнер көрсету барысында "чак-чак" деп әндетіп, қолдарын жоғары сермейді және алақандарын ысқылайды.
Балийцы во время исполнения танца Кечак  - Sputnik Қазақстан
8/13
Балиліктер ұйымдастырған флешмоб кезінде Бали аралының бес мыңға жуық тұрғыны бір мезетте бірлесіп "Кечак" биін орындады. Ол 1930-жылдары пайда болған бали музыкалық драмасының үлгісі болып саналады. Мұны торлы саронга киген 100 және одан да көп ер адам орындайды. Бишілер өнер көрсету барысында "чак-чак" деп әндетіп, қолдарын жоғары сермейді және алақандарын ысқылайды.
CC BY-SA 3.0 / Jadamta / Khmer classical danceКлассикалық кхмер биі үнділердің патша сарайынан бастау алады. Мұнда үнді мифологиясындағы жартылай құдай – Апсар көрініс табады. Аспанда мекендейтін бұл сұлулар құдайлардың көңілін көтеру үшін жаратылған деседі. Таиланд пен Ява мәдениеті Камбоджидегі әнге де, биге де әсер етті. Камбоджиялық би кезінде биші бойжеткендер алтын түсті, жылтыраған киім мен бас киім киіп, баяу, кербез қимыл арқылы әсемдікті бейнелейді. Биді музыкалық оркестр сүйемелдейді.
Танцовщицы во время Кхмерского классического танца  - Sputnik Қазақстан
9/13
Классикалық кхмер биі үнділердің патша сарайынан бастау алады. Мұнда үнді мифологиясындағы жартылай құдай – Апсар көрініс табады. Аспанда мекендейтін бұл сұлулар құдайлардың көңілін көтеру үшін жаратылған деседі. Таиланд пен Ява мәдениеті Камбоджидегі әнге де, биге де әсер етті. Камбоджиялық би кезінде биші бойжеткендер алтын түсті, жылтыраған киім мен бас киім киіп, баяу, кербез қимыл арқылы әсемдікті бейнелейді. Биді музыкалық оркестр сүйемелдейді.
© Photo : Public domain / Voice of ClamАғылшындардың Abbots Bromley Horn Dance атты халық биі. Кейбір дерек бойынша, Стаффордшир ауылындағы бидің дәстүрлі нұсқасында қолданылатын мүйіздер ХІ ғасырға жатады. Зерттеушілер бұл би монархтардың аңшылықтан олжалы оралуы үшін король орманшысы орындаған жоралғының әсерінен пайда болғанын айтады.
Английский народный танец Abbots Bromley Horn Dance  - Sputnik Қазақстан
10/13
Ағылшындардың Abbots Bromley Horn Dance атты халық биі. Кейбір дерек бойынша, Стаффордшир ауылындағы бидің дәстүрлі нұсқасында қолданылатын мүйіздер ХІ ғасырға жатады. Зерттеушілер бұл би монархтардың аңшылықтан олжалы оралуы үшін король орманшысы орындаған жоралғының әсерінен пайда болғанын айтады.
© AFP 2022 / Timothy A. CaryЖер бетіндегі ең әсерлі бидің бірі – фламенко. Оның түп тамыры мавританиялық музыка мәдениетінде жатыр. Оған сыған музыкасы да елеулі ықпал еткен. Көп адамдар бұл стиль испан сығандарынан бастау алады деп санайды. XV ғасырда қираған Византиядан Испанияға сығандар қоныс аударып, Андалусия провинциясындағы елдің оңтүстік жағалауына орын тепті. Олар жергілікті халықтың биі мен музыкасын бойларына сіңіріп, осы музыкалық "қорытпадан" фламенко биі қалыптасқан.
Танцовщица во время исполнения фламенко   - Sputnik Қазақстан
11/13
Жер бетіндегі ең әсерлі бидің бірі – фламенко. Оның түп тамыры мавританиялық музыка мәдениетінде жатыр. Оған сыған музыкасы да елеулі ықпал еткен. Көп адамдар бұл стиль испан сығандарынан бастау алады деп санайды. XV ғасырда қираған Византиядан Испанияға сығандар қоныс аударып, Андалусия провинциясындағы елдің оңтүстік жағалауына орын тепті. Олар жергілікті халықтың биі мен музыкасын бойларына сіңіріп, осы музыкалық "қорытпадан" фламенко биі қалыптасқан.
© Depositphotos / DtempsЭфиопиядағы хамер тайпасында күйеу жігітті таңдауға арналған дәстүрлі би. Ең биік секірген бозбала үздік деп табылады.
Традиционный танец племени Хамер в Эфиопии  - Sputnik Қазақстан
12/13
Эфиопиядағы хамер тайпасында күйеу жігітті таңдауға арналған дәстүрлі би. Ең биік секірген бозбала үздік деп табылады.
© AP Photo / Natacha PisarenkoСезімге толы тағы бір би – танго. Тангоны еркін композицияда лайықты музыкалық сүйемелдеумен жұптасып орындайды. Ол 1880-жылдары Еуропа, Африкадан келген босқындар мен Оңтүстік Американың байырғы халқы мәдениетінің үйлесімі нәтижесінде эмигранттар көп қоныстанған Уругвай мен Аргентинаның шекарасында оңтүстікамерикалық құрлықта пайда болған. Оның құрылымында африкалық тангано, аргентиналық милонга, гаваналық хабанера, испандық фламенко, үндістердің дәстүрлі биі, поляктардың мазуркасы мен неміс вальсі бар. Бастапқыда тангоны тек ер адамдар орындаған. О баста "танго криольо" деп аталған би ХХ ғасырдың басында тез танымал болып, елеулі өзгерістерге ұшырап, Еуропа мен АҚШ-қа, кейіннен бүкіл әлемге кең тарады.
Танцоры во время исполнения танго в Буэнос-Айресе  - Sputnik Қазақстан
13/13
Сезімге толы тағы бір би – танго. Тангоны еркін композицияда лайықты музыкалық сүйемелдеумен жұптасып орындайды. Ол 1880-жылдары Еуропа, Африкадан келген босқындар мен Оңтүстік Американың байырғы халқы мәдениетінің үйлесімі нәтижесінде эмигранттар көп қоныстанған Уругвай мен Аргентинаның шекарасында оңтүстікамерикалық құрлықта пайда болған. Оның құрылымында африкалық тангано, аргентиналық милонга, гаваналық хабанера, испандық фламенко, үндістердің дәстүрлі биі, поляктардың мазуркасы мен неміс вальсі бар. Бастапқыда тангоны тек ер адамдар орындаған. О баста "танго криольо" деп аталған би ХХ ғасырдың басында тез танымал болып, елеулі өзгерістерге ұшырап, Еуропа мен АҚШ-қа, кейіннен бүкіл әлемге кең тарады.
Жаңалықтар
0