Видео

Мамандар Алматы хайуанаттар бағындағы жаңа туған ягуардың жынысын анықтады – видео

Жазылу
Алматының хайуанаттар бағындағы ягуар екінші жыл қатарынан төлдеді. Биыл қара түсті мысық дүниеге келді

Мамандар туғанына бір жарым ай болған бала ягуардың жынысын білу үшін алғаш рет анасынан алшақ алып кетті. Көп жылдан бері осы жерді мекендейтін теңбілді Момын мен қара түсті Васьканың бұған дейін де бір баласы дүниеге келген. Осы жолы туған мысықтұқымдас жануардың түсі қара.

Жыртқыш сүтқоректілер бөлімінің қызметкерлері бір жарым айдан кейін алғаш рет бала ягуарды анасынан алшақ алып кетіп, оның ұрғашы екенін анықтады.

Марғаудың зообақта туғанына және адамдарға бойы үйреніп қалғанына қарамастан, оны мекеме қызметкерлері қолына алған кезде ол өздігінше айбат шекті.

Соңғы екі жылда Алматыдағы хайуанаттар бағын мекендейтін ягуарлар екінші жыл қатарынан төлдеп отыр. Момын мен Васьканың "отбасылары" алғаш рет 2019 жылы толықты. Ол кезде анасына ұқсаған теңбіл марғау дүниеге келді.

Оқи отырыңыз: Маңғыстау өңірінде сирек кездесетін жануарлар камераға түсіп қалды – таңғажайып видео

Қала тұрғындарының дауыс беру нәтижесі бойынша ягуар баласына Австралия деген есім берілді. Сол шақта Австралияда алапат өрт болып, көптеген жабайы аң-құс тірідей жанып кеткен болатын.

Қазір Австралия да Алматының хайуанаттар бағында тіршілік етуде.

Жаңа туған ягуарға қандай есім берілетіні жақын күндері хайуанаттар бағының Instagram-аккаунтында жүргізілетін дауыс беру арқылы шешіледі.

Жаңалықтар
0