Өңірлер

Жетісай тұрғыны түнде ұйқыға жатқызған 3 жасар баласын таппай қалды

© Sputnik / Тимур БатыршинКомната допросов несовершеннолетних
Комната допросов несовершеннолетних - Sputnik Қазақстан, 1920, 04.05.2021
Жазылу
Тексеру кезінде үй-іші тегіс шырт ұйқыда жатқанда оянып кеткен бала үйден шығып кеткені анықталды

НҰР-СҰЛТАН, 4 мамыр — Sputnik. Түркістан облысының полицейлері түн жарымында жалғыз жүрген үш жасар баланы отбасына қайтарды, деп хабарлады Polisia.kz.

Жетісай АПБ-нің жедел-тергеу тобының қызметкерлері сағат 04:30 шамасында шақырту бойынша келе жатып, Мұхтар Әуезов көшесі бойындағы Абай саябағында шамамен 3-4 жастағы кішкентай баланың жалғыз жүргенін байқап қалады.

Тәртіп сақшылары одан не үшін жүргенін, қайда тұратынын сұрағанда, тілі толық шықпаған бала нақты жауап бере алмайды. Содан полицейлер, оны қауіпсіз жерге Жетісай АПБ-не алып келіп, ас-суын береді. Одан ары баланың ата-анасын табу мақсатында үйлерді жеке-жеке аралап, баланың фотосуретін көрсетіп, іздестіру іс-шараларын жүргізеді.

Қызылордада жоғалып кеткен 6 жасар баланың мәйіті табылды 

Ювеналды полиция тобының инспекторы Нұрдәулет Насирбаев сағат күндізгі 11:00 шамасында жоғалған баланы іздеп жүрген әйелді жолықтырады. Ол бүлдіршіннің нағашы әпкесі болып шықты.

Тексеру кезінде үй-іші тегіс шырт ұйқыда жатқанда оянып кеткен бала үйден шығып кеткені анықталды. Таңертең анасы ұйқыдан тұрғанда қасында баласы болмаған, отбасы полицейлерге хабарламастан оны өздері іздей берген.

Үш жасар баланың әпкесі Фатима Бакбергенова полиция қызметкерлеріне алғысын білдірді.

"Қазіргі заманда неше түрлі жағдай болып жатыр. Қорқып кетіп едік. Сіздердің арқаларыңызда соңы жақсы аяқталды. Күндіз-түні ұйықтамай, ел тыныштығын күзетіп жүргендеріңіз үшін мың алғыс!", – деп ол шынайы ризашылығын жеткізді.

Жаңалықтар
0