Оқиға

Қостанайлық жасөспірім әкесінің қаруымен қос бойжеткенді атып салды

© Photo : pixabay/Jason Gillman Ружье
Ружье - Sputnik Қазақстан, 1920, 04.05.2021
Жазылу
Тәртіп сақшылары әкесіне тиесілі пневматикалық мылтықты үйінен алып шыққан 15 жастағы жасөспірімді анықтады

НҰР-СҰЛТАН, 4 мамыр – Sputnik. Арқалықта атылған қарудан екі қыз жарақат алып, аурухана жеткізілді, деп хабарлайды жергілікті Alau.kz басылымы.

Облыстық полиция департаментіне мұндай хабар 3 мамырда ауруханадан түскен.

Тексеру нәтижесінде, 17 мен 25 жастағы қос бойжеткен Маясов көшесімен келе жатқанда, атылған қару дыбысын естіген. Сол сәтте-ақ олардың екеуі де қолы мен аяғынан жарақат алған.

Зардап шеккендер дереу ауруханаға жеткізіліп, оларға тиісті медициналық көмек көрсетілген.

"Қазіргі кезде Қылмыстық кодекстің 107-бабы ("денсаулыққа қасақана орташа зиян келтіру") бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Бұл бапта кінәліге айыппұл салу, қоғамдық жұмыстарға тарту немесе екі жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылады", – делінген хабарламада.

Полицейлер оқиға орнынан пневматикалық қарудың оғына ұқсас затты тапты.

Сондықтан да тиісті сараптама тағайындалды.

Оқи отырыңыз: Алматыда жертөледен қару-жарақ арсеналы табылды: арнайы операция видеосы жарияланды

Сондай-ақ, тәртіп сақшылары әкесіне тиесілі пневматикалық мылтықты үйінен алып шыққан 15 жастағы жасөспірімді анықтағаны белгілі болды.

Жаңалықтар
0