Оқиға

"Бұл – сұмдық": Солтүстік Қазақстанда жеті үй өртеніп кетті – видео

© AP Photo / Noah BergerӨртеніп жатқан үй, архивтегі сурет
Өртеніп жатқан үй, архивтегі сурет - Sputnik Қазақстан, 1920, 03.05.2021
Жазылу
Ауылда шамамен қырық үй бар, 150-ге жуық адам тұрады. Баспанасыз қалған тұрғындар көршілері мен туыстарын паналады

НҰР-СҰЛТАН, 3 мамыр – Sputnik. Солтүстік Қазақстан облысында дала өртінен шағын ауылдағы жеті үй түгі қалмай өртеніп кетті, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Төтенше жағдай 2 мамырда Қызылжар ауданы Вагулин ауылдық округінің Желяково ауылында болды.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Петропавловск Казахстан СКО (@sko_kz)

Жергілікті тұрғынның айтуынша, жайылым өртенген, қатты желден өрт өршіп, ауылды шарпыған.

"Үйлер сіріңке сияқты жарты сағат ішінде жанып кетті. Адамдар аман,  кейбірі құжаттарын, енді бірі қорадағы малын құтқарып үлгерді. Бірақ, көбінің малы өлді. Кейбірінің байлаудағы иті, енді бірінің бұзаулары өртеніп кетті. Бұл – сұмдық", - деді әйел Sputnik Қазақстанға.

Елді мекенде жеті үй өртенген. Ауылда шамамен 40 үй бар, 150-ге жуық адам тұрады. Баспанасыз қалған тұрғындар көршілері мен туыстарын паналады.

Қазір зардап шеккендерге көмек жиналып жатыр. Жергілікті тұрғындар ақша қажет емес екенін айтты.

"Өлшемі 46-дан басталатын әйелдер мен ерлер киімі және ең қажетті заттар керек. Көрпе, жастық және тағы басқа", - деп өтінді олар.

Өңірдің төтенше жағдай департаментінің баспасөз қызметі Sputnik Қазақстанға бұл фактіге қатысты ресми түсініктеме әзірлеп жатқанын мәлімдеді.

Жаңалықтар
0