Қоғам

Мөлдір Әуелбекова жағымсыз жаңалығын бөлісті

© Photo : Рixabay/SimonephМикрофон
Микрофон - Sputnik Қазақстан, 1920, 03.05.2021
Жазылу
Әнші коронавирус індеті өршіп тұрғанын айтып, қазақстандықтардан сақтануды, той-томалаққа бармауды өтінді

НҰР-СҰЛТАН, 3 мамыр – Sputnik. Қазақстандық әнші Мөлдір Әуелбекова коронавирус жұқтырып, ауруханаға түсті.

Бұл туралы өнер жұлдызы Instagram-дағы парақшасында хабарлады.

"Бұл жағымсыз жаңалығыммен бөліскім келмеп еді... Бірақ мына жақтағы көріністі көзбен көріп, өз басымнан өтіп жатқан соң, сіздерге өтініш білдіру мақсатында бөлісуді ұйғардым. Бірнеше уақыттан бері біз COVID-19-бен ауруханада жатырмыз. Дер кезінде бұйырған емді қабылдап, қазіргі хәліміз Алланың қалауымен жаман емес, шүкір", - деп жазды ол.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от MOLDIR AUYELBEKOVA ❤️💍 (@moldir.auyelbekova)

Әуелбекова коронавирус індеті өршіп тұрғанын айтып, қазақстандықтардан сақтануды өтінді.

"Қажетсіз жиындар, той мен отырыстан бас тартыңыздаршы. Бетперде шешпей киіп жүріңіздерші! Үйдегі әлсіз қарттарымыз үшін, кішкентай бала-шағамыз үшін және мен сияқты иммунитеті төмен аяғы ауыр келіншектер үшін бұл өте маңызды", - деді әнші.

Еске салсақ, Қазақстанның мемлекеттік сыйлығының иегері, әнші, композитор Ескендір Хасанғалиев коронавирустан қайтыс болды. 81 жастағы әнші ауруханада дүниеден өтті.

Бұған дейін Ескендір Хасанғалиев пен жұбайы Дарико Хасанғалиеваның коронавирус жұқтырып, жансақтау бөлімінде жатқандығы туралы хабарланған еді.

Кейіннен әншінің ұлы Біржан Хасанғалиев әкесінің жағдайы күрт нашарлағанын айтты.

Жаңалықтар
0