Журналист, продюсер Андрей Яковлевтің айтуынша, латвиялық орыс журналистері кәсіби қызметі үшін қудалауға ұшыраған.
Оған латвиялық журналистердің ресейлік БАҚ-пен әріптестік орнатуы себеп болып отыр.
Құқыққорғау органдары тінту жүргізіп, журналистердің компьютерін, телефоны мен мұрағатын тәркілеген.
Осыған байланысты латвиялық журналистер БҰҰ бас хатшысынан БАҚ өкілдерінің бостандығына қатысты өз ұстанымын білдіруді сұрады.