Қоғам

Тоқаев тәуелсіздік кезеңінде негізі қаланған Қазақстанның баға жетпес байлығын атады

© Sputnik / Абзал КалиевАкорда
Акорда - Sputnik Қазақстан, 1920, 01.05.2021
Жазылу
Мемлекет басшысы ырыс-ынтымақ пен отаншылдық рух – ұлттық кодымыздың ұйытқысы болып отыр деп санайды

НҰР-СҰЛТАН, 1 мамыр – Sputnik. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев отандастарымызды Қазақстан халқының бірлігі күнімен құттықтады, деп хабарлайды Ақорда.

Қасым-Жомарт Тоқаевтың құттықтауында Тұңғыш президентіміз – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен белгіленген бұл мереке ғасырлар бойы қазақ жерінде берік орныққан достық пен ауызбіршілік, өзара құрмет пен сенім сияқты қастерлі құндылықтарға негізделгені туралы айтылған.

"Тәуелсіздік кезеңінде негізі қаланған "әралуандығымыз – бірлікте" қағидаты Қазақстанның сан қырлы мәдениеті мен дәстүрін баға жетпес байлығымызға айналдырды. Ырыс-ынтымақ пен отаншылдық рух – ұлттық кодымыздың ұйытқысы болып отыр", – делінген мемлекет басшысының құттықтауында.

Сонымен қатар, президент халқымыздың әділетті әрі дамыған мемлекет құрып, елімізді өркендету жолындағы мүддесі ортақ екенін атап өткен.

"Біз қоғамдағы тұрақтылық пен келісімнің, өзара қолдау мен жасампаз еңбектің арқасында кез-келген қиындықты еңсеріп, көздеген мақсатымызға жетеміз", – дейді Тоқаев.

Оқи отырыңыз: Бүгін әлемде және Қазақстанда қандай мереке: 1 мамыр

Айта кетейік, 1995 жылғы 18 қазанда Қазақстан президентінің жарлығымен Қазақстан халқының бірлігі күні ретінде бекітілді.

Бұл күнді атап өтудің бірден бір себебі, этникалық бейбітшілік пен келісім саясаты – мемлекеттің негізгі басымдықтарының бірі болып табылады.

Жаңалықтар
0