Экономика

Қазақстанда бензин тағы қымбаттады – фото

© Photo : Пресс-служба Qazaq oilАвтозаправочная станция, топливные "пистолеты"
Автозаправочная станция, топливные пистолеты  - Sputnik Қазақстан, 1920, 01.05.2021
Жазылу
Yandex newsTelegram
Энергетика министрлігі бағаны реттеу мен "арзандатылған" мұнай өнімдерін тарату жүйесін құру тиімді емес, керісінше, шығыны көп әдіс деп атады

НҰР-СҰЛТАН, 1 мамыр – Sputnik. Қазақстанда жанармай құю бекеттерінде бензин бағасы тағы көтерілді. Бұл соңғы бірнеше күнде жанармай құны орта есеппен 5-10 теңгеге қымбаттағанын көрсетеді.

Ең танымал жанармай құю бекеттерінің ресми сайтында баға Нұр-Сұлтанда АИ-92 – 168-177 теңге, АИ-95-тің литрі – 188-197 теңге, ал АИ-98 – 186-220 теңге аралығында деп көрсетілген.

© Sputnik2021 жылдың 1 мамырындағы жанармай бағасы (Нұр-Сұлтан қаласы)
Қазақстанда бензин тағы қымбаттады – фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 01.05.2021
2021 жылдың 1 мамырындағы жанармай бағасы (Нұр-Сұлтан қаласы)

Оңтүстік астанада АИ-92 – 165-171, АИ-95 – 187-200, АИ-98 – 191-230 теңгеден сатылуда.

Қазақстанның басқа қалаларында АИ-92 жанармайының бағасы 175 теңгеден аспайды. АИ-95 бағасы – 185-тен 200 теңгеге дейін болса, АИ-98 – 175-205 теңгеден саудаланады.

Қазақстанда бензин бағасының көтерілуіне қатысты жағдай сәуірдің басында байқалды. Ал тұтынушылар бағаның өсуіне ғана емес, жанармайдың жетіспейтіндігіне де шағымдануда.

Айта кетейік, бұған дейін энергетика министрлігі биліктің жанармай бағасын неге реттемейтінін түсіндірген. Сондай-ақ министрлік өкілдері бағаны реттеу мен "арзандатылған" мұнай өнімдерін тарату жүйесін құру тиімді емес, керісінше, шығыны көп әдіс екендігін атап көрсеткен.

Оқи отырыңыз: Жанармай бекетінде бензинді аз құяды – жүргізуші не істеуі керек?

Сонымен қатар, сала мамандары жанармай тапшылығы болмайды деп сендіріп бақты. Олардың мәліметі бойынша АИ-92 бензинінің жалпы қоры елде жеткілікті деңгейде. Нақтылап айтқанда, қабылданған шаралардың арқасында жыл басымен салыстырғанда қор көлемі шамамен 60 мың тоннаға артып, 270 мың тоннаны құрайды.

Жаңалықтар
0