Саясат

Тоқаев қырғыз-тәжік мемлекеттік шекарасындағы жағдайға байланысты мәлімдеме жасады

© Photo : Официальный сайт президента РККасым-Жомарт Токаев
Касым-Жомарт Токаев - Sputnik Қазақстан, 1920, 30.04.2021
Жазылу
Қазақстан басшысы мәселені шешудің тиімді жолдарын қарастыруға және өзара сенімді қайта қалпына келтіруге күш салуға дайын екенін айтты

НҰР-СҰЛТАН, 30 сәуір — Sputnik. Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев қырғыз-тәжік мемлекеттік шекарасындағы жағдайға байланысты мәлімдеме жасады, деп хабарлады Ақорда.

"Қырғызстан мен Тәжікстанның мемлекеттік шекарасындағы қарулы қақтығыс туралы ақпаратты асқан алаңдаушылықпен қабылдадым", - деді мемлекет басшысы.

Оның айтуынша, қырғыз бен тәжік халықтары біздің бауырларымыз, тарихымыз бен мәдени құндылықтарымыз ортақ. Біздің мемлекеттеріміз бен халықтарымызға бейбітсүйгіштік, төзімділік пен өзара сыйластық тән.

Қырғызстан мен Тәжікстан шекарасында жағдай ушықты: аймақта не болып жатыр

Қазақстан президенті қарулы қақтығысты тоқтату туралы келісімді және екі мемлекеттің уәкілетті өкілдері арасында келіссөздердің басталғанын қолдады.

"Қырғызстан мен Тәжікстан басшылығы даналық танытып, барлық даулы мәселені тек қана бейбіт жолмен шешетініне сенімдімін", - деп атап өтті Тоқаев.

"Өз тарапымнан мәселені шешудің тиімді жолдарын қарастыруға және өзара сенімді қайта қалпына келтіруге күш салуға дайынмын", - деп толықтырды ол.

Президент Орталық Азия мемлекеттері басшыларының кезекті консультативтік кездесуі аясында мұндай шекаралық қақтығыстарды реттеудің тетіктерін қарастыруды ұсынды.   

Жаңалықтар
0