Экономика

"Әр сарбазға 1 713 теңгеден": әскерде қандай тамақ беріледі

© Sputnik / Александр Кряжев / Медиабанкке өтуСтоловая
Столовая  - Sputnik Қазақстан, 1920, 30.04.2021
Жазылу
Министрлік өкілдерінің айтуынша, алдағы уақытта Қазақ тамақтану академиясымен келісімшарт жасалып, әскерилердің тамақтану нормасы қайта қаралады

НҰР-СҰЛТАН, 30 сәуір – Sputnik. Қорғаныс министрінің орынбасары Мұхамеджан Таласов армияда қандай тамақ берілетінін айтып берді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

"Осы уақытқа дейін әскерилердің азық-түлік нормасы үш рет өзгертілді. Биыл барлық "паектардың" бағасы 40 процентке көтерілді. Мәселен, сарбаздардың нормасы 1 225 теңгеден 1 713 теңгеге өсті. Соның арқасында азық-түлік пен тамақтанудың сапасын жақсартуға мүмкіндік бар", – деді Таласов орталық коммуникациялар қызметінде өткен онлайн брифингте.

Оқи отырыңыз: "Тамақ ішуге ұяласың": астаналық жігіт әскери жиынға неге барғанын айтты - видео

Оның айтуынша, қазіргі кезде сарбаздарға сиыр еті, ірімшік, жемістер, витаминдер, гематогендер мен тағы басқа да азық-түліктер беріледі. Сонымен қатар, алдағы үш жылдың ішінде барлық асханада күрделі жөндеу жұмыстары жасалып, жаңа құрал-жабдықтар қойылады.

Ал тыл және қару-жарақ бастығының орынбасары-тыл бас басқармасының бастығы Бауыржан Досмағанбетов 1 713 теңгеге қандай тамақтың кіретінін айтып берді.

"Осы "паектың" ішінде азық-түлік өнімдерінің 48 атауы бар. Соның арқасында әр түрлі және сапалы тамақ жасауға болады. Жалпы барлық көкөніс, Қазақстанда өсірілетін жармалар, сиыр мен тауық еті, сүт өнімдері және витаминдер бар", – деп атап көрсетті Досмағанбетов.

Алдағы уақытта қорғаныс министрлігі Қазақ тамақтану академиясымен келісімшарт жасап, әскерилердің тамақтану нормасын қайта қарауды жоспарлап отыр.

Айта кетейік, биыл әскерилерді тамақтандыруға республикалық бюджеттен 22 миллиард теңге бөлінген.

Жаңалықтар
0