Экономика

Қазақстанда қай саланың мамандары көп жалақы алады – ресми статистика жарияланды

© Sputnik / Абзал КалиевПортмоне с деньгами
Портмоне с деньгами - Sputnik Қазақстан, 1920, 30.04.2021
Жазылу
Бір айлық номиналды жалақының орташа көрсеткіші барлық қосымша ақы мен үстемақы, сыйақылардың және салық пен басқа да алымдардың негізінде шығарылды

НҰР-СҰЛТАН, 30 сәуір – Sputnik. Статистика бюросы үш айдың қорытындысын жасап, орташа жалақының көлемін есептеп шығарды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Ресми мәліметке сәйкес, биыл бірінші тоқсанда бір жұмысшының номиналды жалақысы 230 829 теңгені құрады. Ал ең көп айлық алатындар тау-кен өнеркәсібі мен карьерлерді қазу саласында жұмыс істейді. Олардың жалақысы – 509,8 мың теңге. Бұл көрсеткіш орташа республикалық деңгейден 2,2 есеге жоғары. Қаржы мен сақтандыру қызметі саласында номиналды жалақы 420,8 теңгені құрайды. Одан кейін ғылыми-техникалық қызмет (345,7 мың теңге), ақпарат пен байланыс (328,1 мың теңге) саласы тұр.

"Барлық аймақтың ішінде Атырау облысында ең жоғары номиналды жалақы тіркелді. Оның көлемі – 405,8 мың теңге. Солтүстік Қазақстанда осы көрсеткіш 166,7 мың теңгені құрайды. Бұл орташа деңгейден 27,8%-ке төмен", – делінген ресми хабарламада.

Ал ауыл шаруашылығы, орман мен балық шаруашылығы, сумен қамтамасыз ету сияқты салаларда орташа бір айлық номиналды жалақының ең төмен деңгейі тіркелді. Жұмысшылар небәрі 116,1 мың теңге алады. Ал қалдықтарды өңдеу мен жою, сондай-ақ ластануды жою мамандарына айына орташа есеппен 141,8 мың теңге төлейді.

Оқи отырыңыз: Нұржан Әлтаев депутаттарға жалақы негізсіз төленетінін айтты

Айта кетейік, бір жұмысшының орташа бір айлық номиналды жалақысы барлық қосымша ақы мен үстемақы, сыйақылар, сондай-ақ салық пен басқа да алымдардың негізінде шығарылды.

Жаңалықтар
0