НҰР-СҰЛТАН, 30 сәуір — Sputnik. Қазақстандағы эпидемиологиялық жағдайды бағалау матрицасы жаңартылды.
30 сәуірдегі жағдай бойынша Шымкент қаласы мен Ақтөбе облысы "қызыл" аймақтан "сарыға" өтті.
- "Қызыл" аймақта: Нұр-Сұлтан мен Алматы қалалары, Ақмола, Атырау, Батыс Қазақстан, Қарағанды, Қызылорда, Павлодар облыстары.
- "Сары" аймақта Шымкент қаласы, Алматы, Ақтөбе,Шығыс Қазақстан, Жамбыл, Маңғыстау облыстары орналасқан.
- "Жасыл" аймаққа Түркістан, Қостанай және Солтүстік Қазақстан облыстары кірді.
Оқи отырыңыз: Қазақстанда бір күнде коронавирус пен пневмониядан 30-дан астам адам қайтыс болды
Айта кетейік, өткен тәулікте 2 853 адамнан COVID-19 анықталды, 33 науқас коронавирус пен пневмониядан қайтыс болды.