Оқиға

Алматыда автобус пен екі көлік соқтығысты

© Sputnik / СтрингерТройная авария на ул. Саина: столкнулись "Рено", "Пежо" и пассажирский автобус
Тройная авария на ул. Саина: столкнулись Рено, Пежо и пассажирский автобус - Sputnik Қазақстан, 1920, 30.04.2021
Жазылу
Алдын ала болжам бойынша Саин даңғылындағы жол апаты шұғыл сол жақ бетке ауыспақ болған Renault Sandero жүргізушісінің кінәсінен болған

НҰР-СҰЛТАН, 30 сәуір – Sputnik. Саин даңғылы мен Асқаров көшесінің қиылысында екі жеңіл көлік пен жолаушылар автобусы соқтығысып қалды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

© Sputnik / СтрингерКөліктердің бірінің жүргізушісі шұғыл сол жақ бетке ауыспақ болған
Алматыда автобус пен екі көлік соқтығысты - Sputnik Қазақстан, 1920, 30.04.2021
Көліктердің бірінің жүргізушісі шұғыл сол жақ бетке ауыспақ болған

Жол апатына қатысушылардың барлығы Саин даңғылының бойымен солтүстікке қарай кетіп бара жатқан: Renault Sandero ортаңғы қатарда, ал Peugeot Partner шеткі сол жақта жүріп отырған. Аяқ астынан Renault шұғыл сол жақ бетке ауыспақ болған. Алайда көлікті басқара алмай, металл қақпалауышқа соғысқан.

© Sputnik / СтрингерЖол апатында Renault Sandero жүргізушісі зардап шекті
Алматыда автобус пен екі көлік соқтығысты - Sputnik Қазақстан, 1920, 30.04.2021
Жол апатында Renault Sandero жүргізушісі зардап шекті

Осы сәтте Peugeot жүргізушісі тежегішті басып үлгермей, Renault көлігіне соғысқан. Соққы күшінен Renault аялдамада тұрған №38 жолаушылар автобусына барып соғылды. Жол апатында Renault Sandero жүргізушісі зардап шекті. Ол ауруханаға жеткізілді.

Ал жол апаты болған кезде автобуста жолаушылар болмаған. Полиция оқиғаның мән-жайын анықтап жатыр.

Жаңалықтар
0