Өңірлер

Қазақстанның бір өңірінде қалааралық және облысаралық автобустар тоқтатылады

© Sputnik / Абзал КалиевАвтовокзал, архивтегі сурет
Автовокзал, архивтегі сурет - Sputnik Қазақстан, 1920, 29.04.2021
Жазылу
Ақтөбе облысы 2021 жылдың 31 наурызынан бері коронавирустың таралуы бойынша "қызыл" аймақта тұр

НҰР-СҰЛТАН, 29 сәуір – Sputnik. Ақтөбе облысы бас санитар дәрігерінің жаңа қаулысы жарияланды. Оған сәйкес, "қызыл" аймақта орналасқан өңірлерде қалааралық және облысаралық автобустар жүрмейді.

Қаулы бірінші мамырда күшіне енеді.

"Қызыл" аймақта тұрған өңірлерде қалааралық/облысаралық тұрақты автобустардың (микроавтобустар) қозғалысына тыйым салынады", - делінген құжатта.

Сондай-ақ Ақтөбе облысының ішкі саясат басқармасына халықты өңір аумағындағы шектеу және карантиндік шаралар, олардың кезең-кезеңмен жеңілдетілуі туралы ақпараттандыру тапсырылды.

Құжаттың толық мәтінімен мына сілтеме арқылы танысуға болады.

Еске салсақ, Ақтөбе облысы 31 наурыздан бері эпидемиологиялық ахуалдың қауіпті "қызыл" аймағында тұр. Өткен тәулікте өңірде 128 адамның вирус жұқтырғаны анықталды. Жалпы Қазақстанда өткен тәулікте 2 883 адамда ПТР-тест оң нәтиже көрсетті, деп хабарлайды елдің денсаулық сақтау министрлігі.

Жаңалықтар
0