НҰР-СҰЛТАН, 29 сәуір – Sputnik. Маңғыстаулық кеденшілер Түркиядан келген ірі көлемде контрабандалық тауарды анықтады, деп хабарлайды мемлекеттік кірістер комитетінің баспасөз қызметі.
"Құрық" кеден бекетінің қызметкерлері Маңғыстау көлік прокуратурасымен бірлесіп, Еуразиялық экономикалық одақ шекарасы арқылы ірі көлемде контрабандалық тауар алып өту фактісін әшкереледі.
Түрік өндірушілерінің Өзбекстан мен Қырғызстан азаматтарының атына жіберген контрабандалық тауары екі ауыр жүк көлігі "Құрық" теңіз портына келген.
Жүк көлігіндегі тауарларды қосымша кедендік тексеру нәтижесінде құжатта көрсетілген тауардан бөлек түрлі заттар бары белгілі болды.
"Дұрыс декларацияланбаған тауарлардың жалпы кедендік құны – 187,2 миллон теңгені құрайды. Ал бюджетке төленуі кедендік төлемдер мен салықтар – 80,7 миллон теңгеге жуықтайды", – делінген хабарламада.
Сондай-ақ жалпы тауар салмағы 34,5 тоннаны құрайды деп көрсетіліп, 5,9 тоннадан астам жүк жарияланбаған. Яғни кемітіп көрсетілген тауарлар ішінде аяқ киім мен әйелдер орамалы, жейделер және басқа да киімдер болған.
Оқи отырыңыз: Құрық портынан қазақстандық жүк тиелген алғашқы автокөлік паромы жіберілді
Қазіргі кезде тиісті материалдар Маңғыстау облысы бойынша экономикалық тергеу департаментіне процессуалдық шешім қабылдау үшін жолданды.