Әлем

Қырғызстан мен Тәжікстан шекарасында жағдай ушықты: аймақта не болып жатыр

© Sputnik / Тимур БатыршинПограничный пункт
Пограничный пункт - Sputnik Қазақстан, 1920, 29.04.2021
Жазылу
Қақтығыс Тәжікстан тарапының "бас су айрығы" учаскесінің аумағында электр беру желісінің бағаналарына бейнебақылау камераларын орнатқан соң басталған

НҰР-СҰЛТАН, 29 сәуір – Sputnik. Қырғызстан мен Тәжікстан шекарасындағы жағдай ушығып жатыр, деп хабарлады Sputnik Қырғызстан.

Сәрсенбіде Sputnik Тәжікстан екі елдің шекаралас облыстардың басшылары тауар экспорты мен импорты, экономикалық даму және адамдардың әл-ауқаты саласында тезірек жақсы қарым-қатынас орнатуға деген өзара тілектестік білдіргенін хабарлады.

Алайда бүгін тағы да қырғыз-тәжік шекарасында суға байланысты қақтығыс басталғаны белгілі болды.

Оқи отырыңыз: ҰҚК Қазақстан мен Ресей шекарасында қалыптасқан жағдайды түсіндірді

Қырғызстан тарапы жанжал Тәжікстан азаматтарының "бас су айрығы" (су тарату пункті) учаскесінің аумағында электр беру желісінің бағандарына бейнебақылау камераларын орнатуынан басталғанын жеткізді. Екінші камераны орнатып жатқанда сол жерге Қырғызстанның шекара қызметінің жасағы мен Баткен облысы ішкі істер басқармасының қызметкерлері келген. Олар камера орнатуды тоқтатуды талап етті.

Оқиға 29 сәуірде шамамен сағат 04:40-та Баткен облысының шекаралас аумағында болды.

"Шиеленіске Қырғызстан азаматтары мен олардың үйіне тас лақтыра бастаған Тәжікстан азаматтарының арандатушылық әрекеттері себеп болды. Кейіннен тәжік тарапы сол маңнан өтіп бара жатқан Қырғызстан азаматтарының көлігіне аңшы мылтығымен оқ жаудыра бастады", - деп хабарлады Sputnik Қырғызстан елдің ҰҚК Шекара қызметіне сілтеме жасап.

Ал Тәжікстан тарапы өздерінің зардап шеккенін айтып отыр.

"Исфара тұрғындары әртүрлі дәрежедегі дене жарақатын алды. Оларға тас лақтырған", - деп жазды Sputnik Тәжікстан.

Тәжікстан 1924-1927 және 1989 жылдардағы карталарға сәйкес гидроқұрылыс олардың еліне тиесілі екенін айтты. Су тарату пункті 1968 жылы салынған және Тәжікстан, Қырғызстан және Өзбекстанның шекаралас қалалары мен аудандарының жер суландыру жұмыстарына арналған.

Осылайша Қырғызстан билігі Баткен облысының үш ауылдық округінде төтенше жағдай режимін енгізді. Облыс басшысы Өмірбек Суваналиев жергілікті тұрғындарды қақтығыс аймағынан уақытша эвакуациялағанын хабарлады. Сонымен қатар ол тәжік тарапымен келіссөздерден кейін жағдай біртіндеп тұрақтана бастағанын, алайда арандатушылық салдарынан жағдай күрт нашарлағанын айтты.

Жаңалықтар
0