Фотоаппарат - Sputnik Қазақстан, 1920, 02.02.2022
Фото
Әлем және Қазақстан жаңалықтары - суреттер сөйлейді

Ай алқызыл түске боялды: Жер тұрғындары ерекше құбылысты тамашалады – фото

Жазылу
Yandex newsTelegram
Жер бетіндегі фотографтардың барлығы көктемгі толған айдың теңдессіз көрінісін камераға түсіру үшін бұл сәтті асыға күтті. Алайда астрологтар бұл әсемдіктің артында жағымсыз құбылыстар да тұрғанын айтады

Сәуірдің соңғы күндерінде Ай біздің ғаламшарға барынша қатты жақындады. Астрологтар мұндай құбылыс адамдардың көңіл-күйі мен денсаулығына әсер ететінін айтады. 

27 сәуірде Жердің табиғи серігі біздің ғаламшардан 357 615 километр қашықтықта тұрды. Аспандағы алып "шамшырақ" пен Жер арасының осыншалық жақын болуы гравитациялық ықпалды күшейтеді, жер сілкінісі, су тасқыны, жанартаудың атқылауы, үлкен техногенді апаттардың туындауына себепші болады. 

Еске салсақ, 22 сәуірде Чилиде жер сілкінісі болды, ал 18 сәуірде Жапонияда, Тайваньда, Иранда, Мьянмада жер дүмпуі тіркелді. 17 сәуірде Греция мен Камчаткада табиғи апат болды.

Бұл құбылыс жарты айға жуық уақыттан бері ғаламшардағы оқыс оқиғалардың себепшісіне айналды. Сондықтан ғалымдар Айдың Жерге ықпалын зерттеп жатқан шақта астрологтар адамдардың осы уақытта жағымсыз ойлардан арылып, өз іс-әрекеті мен ниет-армандарын оң бағытқа бұруға кеңес беруде.

Қалай болғанда да айдың шар тәрізді дөңгеленіп, әдеттегіден ерекше жарқырай түсуі және алқызыл түске боялуы көз тоймас сұлу көрініске айналды. Ғылым тұрғысынан алғанда бұл құбылыс жаңа айдың немесе ай толуының перигеймен, яғни Жер мен Айдың бір-біріне барынша жақындай түсуімен тұспа-тұс келуі. Мұны ғылым тілінде "суперай" (ағылшын тілінде – "Supermoon") деп атайды.

Сәуірдегі суперайдың Жер бетіндегі түрлі мемлекетте қалай көрінгенін Sputnik материалынан тамашалаңыз.

© AFP 2022 / Loic VenanceБиыл Суперай 26 мамырда және 24 наурызда да байқалады. Суретте: Франция аспанындағы алқызыл ай.
Розовая суперлуна над Францией  - Sputnik Қазақстан
1/12
Биыл Суперай 26 мамырда және 24 наурызда да байқалады. Суретте: Франция аспанындағы алқызыл ай.
© AP Photo / Charlie RiedelКетуки штатындағы Луисвилл қаласының аспанындағы ұшақ пен ай.
Самолет на фоне суперлуния в Луисвилле, штат Кентукки - Sputnik Қазақстан
2/12
Кетуки штатындағы Луисвилл қаласының аспанындағы ұшақ пен ай.
CC BY-SA 2.0 / Elpinto007 / Supermoon_96Дублин аспанындағы ай, Калифорния
Суперлуна над Дублином, Калифорния  - Sputnik Қазақстан
3/12
Дублин аспанындағы ай, Калифорния
© AFP 2022 / Philip FongТокиодағы ең биік ғимараттың бірі - Tokyo Skytree артына "жасырынған" ай.
Полная луна позади небоскреба Tokyo Skytree в Токио - Sputnik Қазақстан
4/12
Токиодағы ең биік ғимараттың бірі - Tokyo Skytree артына "жасырынған" ай.
© AP Photo / Emrah GurelСтамбулдағы Галата мұнарасының үстіндегі алып аспан денесі.
Полная луна на фоне башни Галата в Стамбуле - Sputnik Қазақстан
5/12
Стамбулдағы Галата мұнарасының үстіндегі алып аспан денесі.
© REUTERS / Jonathan ErnstАҚШ-тағы Капитолийде орналасқан мүсіндердің артындағы ай.
Розовая Суперлуна позади монумента мира с фигурами, представляющими скорбь и историю в Капитолии, США - Sputnik Қазақстан
6/12
АҚШ-тағы Капитолийде орналасқан мүсіндердің артындағы ай.
© AP Photo / Kirsty WigglesworthЛондон аспанындағы толық ай.
Суперлуна в небе над Лондоном - Sputnik Қазақстан
7/12
Лондон аспанындағы толық ай.
© REUTERS / Matthias RietschelДрездендегі шіркеу шатырындағы айдың көрінісі тамсандырмай қоймайды
Суперлуна на крыше собора в Дрездене - Sputnik Қазақстан
8/12
Дрездендегі шіркеу шатырындағы айдың көрінісі тамсандырмай қоймайды
© REUTERS / David W CernyПраганың қою көк аспанында ай ерекше жарқырап тұр.
Суперлуна в небе над Прагой  - Sputnik Қазақстан
9/12
Праганың қою көк аспанында ай ерекше жарқырап тұр.
© REUTERS / Agustin MarcarianБұл табиғи құбылыс Аргентинада да байқалды.
Суперлуна над Аргентиной  - Sputnik Қазақстан
10/12
Бұл табиғи құбылыс Аргентинада да байқалды.
CC BY-SA 2.0 / Sergey Galyonkin / More pink moon todayАспандағы алқызыл ай.
Розовая Суперлуна в небе  - Sputnik Қазақстан
11/12
Аспандағы алқызыл ай.
© AFP 2022 / Kirill KudryavtsevМәскеудегі Жеңіс музейінің жанындағы мүсін және жұп-жұмыр ай.
Полная луна над скульптурой Музея Победы в Москве - Sputnik Қазақстан
12/12
Мәскеудегі Жеңіс музейінің жанындағы мүсін және жұп-жұмыр ай.
Жаңалықтар
0