Оқиға

Күйеуі үйде болмаған: Атыраудағы жантүршігерлік қылмыстың мән-жайы анықталды

© AFP 2024 / MARIA ANTONOVAАрхивное фото силуэта женщины на фоне окна
Архивное фото силуэта женщины на фоне окна - Sputnik Қазақстан, 1920, 29.04.2021
Жазылу
Баласын пышақтап өлтірген әйелдің күйеуі қылмыс жасалған кезде үйде болмаған, шаруалармен аудан орталығына кеткен

НҰР-СҰЛТАН, 29 сәуір – Sputnik. Атырау облысында қатыгез ана өзінің баласын бірнеше жерден пышақтап өлтірді деген күдікке ілінді. Полиция мен ауыл әкімдігі жаға ұстатарлық жағдайға қатысты түсініктеме берді.

Құрманғазы ауданындағы Көптоғай ауылында 42 жастағы келіншек 4 айлық сәбиіне асхана пышағын бір емес, бірнеше рет сұққан. Күйеуі бұл кезде үйде болмаған, шаруалармен аудан орталығына кеткен, деп хабарлады "Астана" арнасы.

Қазір бұған қатысты "қасақана жас баланы өлтіру" бабымен іс қозғалып, жауыз әйел қамауға алынды.

Ал ауыл әкімдігінің айтуынша, ата-анасы баланы жергілікті емханаға тіркетпеген, медициналық көмекке жүгінбеген.

"Атыраудың тұрғыны негізі, осы жаққа келін болып түсіп, тіркеуге тұрды. Жұмыссыз, үйде отырған. Басқа балалары жоқ, бұл тұңғыштары. Кішкентайын бізге тіркетпеген екен. Екпені Атыраудан алған.  Бізге ешқандай медициналық көмекке жүгінбеген", - деп түсіндірді Көптоғай ауылдық округі әкімінің уақытша міндетін атқарушы Гүлбаршын Баженова.

Атырау облыстық полиция департаментінің баспасөз хатшысы Мейірім Ердәулеттің айтуынша, 4 айлық нәрестенің өліміне қатысты қазіргі таңда Қылмыстық кодекстің 99-бабы 3 бөлігі бойынша тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

"Осы іске күдікті 1979 жылғы туған анасы уақытша ұстау абақтысына қамалды", - деді Ердәулет.

Қарағандыда сырттан үйіне келген ер адам жантүршігерлік қылмыстың үстінен түскен 

Бұл – өңірдегі бірінші жағдай емес. Дәл осыған ұқсас оқиға бірнеше ай бұрын Сағыз ауылында да болған.  35 жастағы келіншек үйінде босанып, жаңа туған баласын қоқысқа лақтыра салған еді. Шақалақтың өлі денесін полицейлер 100 метр жерден тапқан болатын. Безбүйрек әйелдің  ісін қазір сот қарап жатыр.

Жаңалықтар
0