Ресей мен Батыс қарым-қатынасының болашағы қандай?

© Sputnik / Наталья СеливерстоваКремль
Кремль - Sputnik Қазақстан, 1920, 28.04.2021
Жазылу
Ресей мен Батыс арасындағы шиеленістің ушығуы жағдайында дәл қазіргі сәтте Шығыс Еуропа қарқыны бәсеңдейтін түрі жоқ, деп жазады халықаралық шолушы Ирина Алкснис

Чехия, Латвия, Литва ресейлік дипломаттарды елден қуды, артынша Польша Вышеград тобының онлайн-кеңесін өткізіп, оның қорытындысы бойынша қатысушы мемлекеттердің премьер-министрлері Чехияны қолдау жөнінде декларация қабылдады; Румыния Ресейдің әскери атташесінің көмекшісін нон грата тұлға деп жариялады; Италия Мәскеудің кері жауап ретінде өз дипломатын ел аумағынан шығарғанына ренжіп қалды; Ұлыбритания ресейліктердің санкциялық тізімін тағы 14 адаммен толықтырды және мұндай тізбектеп отыратын оқиғалар жетерлік.

Ресей мен Чехия қарым-қатынасының нашарлауы неге әкеліп соғады  - Sputnik Қазақстан, 1920, 26.04.2021
Видео
Ресей мен Чехия қарым-қатынасы шиеленісе түсті - видео
Осы аталғандарға қатысты Ресейдің сыртқы істер министрі Сергей Лавров мәлімдеме жасап, Чехияны халықаралық келісім нормаларын бұзды деп айыптады. Мұнда сөз қару-жарақ саудасына қатысты болып отыр. Жалпы Праганың 2014 жылы жарылыс болған Врбетицтегі жарылысқа қатысты мәлімдемелері түсініксіз болып отыр.

2010 жылдың ортасынан бері Ресейдің халықаралық мәселелерде, әсіресе өз мүддесіне қатысты позициясын қатаңдатқаны байқалады. 2010 жылы Мәскеудің кез келген дау мен айыптауға қатысты достыққа, бірлікке шақырған жауаптары көп ресейліктің ашуына тиген болатын. Ал қазір Мәскеу әлем сахнасында болып жатқан жайттарға қатысты өткір пікір айтуы қоғамның қолдауына ие болды.

Екінші жағынан, Ресейде Кремльдің қатаңдығын жеткіліксіз деп санап, сыртқы саясатқа көңілі толмайтындар да жетерлік. Олардың ойынша, Батыс русофобия мәселесінде ақылға қонымсыз айыптауларға баруы Ресейдің Батыспен диалог жүргізуден түбегейлі бас тартуы мен дипломатиялық қарым-қатынасты үзуге лайықты сылтау болады.

Мұны түсінуге де болады. "Петров пен Боширов арнайы агенттері", Англияда Скрипальдердің улануы, Чехиядағы қару-жарақ қоймасының жарылуы сынды алып-қашпа әңгімені көбейтіп отырған мемлекетпен қандай дииалог орнатуға болады? Сондықтан эмоцияға беріліп, дәл осындай шешім қабылдауға болар еді. Бірақ рационалды қарастыру кезінде оның дұрыс болуы екіталай.

Интернет-пікірталаста "Годвин заңы" деген құбылыс бар. Оған сәйкес, қарсыласын кім бірінші болып нацист немесе Гитлермен салыстырса, сол жеңілген болып саналады. Себебі мұндай аргументке сүйену дауласып отырған тараптың басқа ешқандай маңызды дәлелі қалмағанын білдіреді.

Флаги Казахстана и США - Sputnik Қазақстан, 1920, 23.04.2021
Саясат
АҚШ Тоқаевтың реформаларына қолдау білдірді
Саясат жайлы да осылай деуге болады: дипломатиялық қарым-қатынасты үзу сыртқы саяси мәселедегі ең соңғы қолданылатын құрал болып саналады. Көп жағдайда бұл әдіс мемлекеттің қуатын емес, керісінше әлсіздігін паш етеді. Сол себепті бұл жағдайға барлық мемлекет қатысып отырған сыртқы саяси құралдар жиынтығы тарапынан қарастырса, онда көзқарас түбегейлі өзгеріп шыға келеді.

Батыс Ресейге қысым көрсетудің барлық мүмкіндіктерін тауысты. Сондықтан оның қазіргі әдіс-айлалары ерсі болып көрінеді. Солардың ішіндегі ең айқын үлгі ретінде SWIFT халықаралық төлемдер жүйесі төңірегіндегі жағдайды атауға болады. Көп жылдан бері белгілі бір күштер Ресейді осы жүйеден ажыратуды ұсынып келеді. Осы уақыт ішінде Ресей Федерациясы өзінің қаржылық байланыс жүйесін әзірледі. Сондықтан халықаралық жүйеден ажыраудың салдары айтарлықта ауқымды бола қоймайды. Қалай болғанда да Батыс әлі күнге дейін SWIFT-тен Ресейді ажырату бойынша бірде-бір шара қабылдаған жоқ. Өйткені мұның салдарынан аса ірі көлемдегі шығындар туындауы ықтимал.

Жалпы 2014 жылы АҚШ пен Еуропа Ресейге қарсы текетіресті бастаған шақта бір дегенде ең ауыр әдістен бастағаны осындай салдарға әкеліп соқты. Өйткені медиа-саяси русофобия айналасындағы санкциялар да о бастағыдай әсер етіп жатқан жоқ. Батыс саясатының сырт көзге соншалықты өрескел көрінуі де, қоғам тарапынан сынға ұшыруы да үйреншікті жағдайға айналды.

Ресей халықаралық дау мен шиеленіс кезінде асығыстық танытпай, көп жағдайда үнсіз қалуы өз тиімділігін дәлелдеп жатыр. Себебі негізсіз қаралау мен дәлелсіз айыптаулардың аяғы жақсылыққа алып келген емес.

Автор пікірі редакция көзқарасымен сәйкес келмеуі мүмкін

Жаңалықтар
0