Қоғам

"Көздерің жанып тұр": Елбасы қазақ қызының құлшынысына тәнті болды

© Associated PressЭверест
Эверест - Sputnik Қазақстан, 1920, 28.04.2021
Жазылу
Нұрсұлтан Назарбаев екі аяғы болмаса да, Эверест шыңына көтерілген қазақ қызына көмектесуге уәде етті  

НҰР-СҰЛТАН, 28 сәуір – Sputnik. Тұңғыш президент Нұрсұлтан Назарбаев екі аяғынан айырылса да, Эверест шыңына көтерілген астаналық Мария Әуезоваға протез сатып алуға көмектесуге уәде етті, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

"Саған бәріміз де тәнті болып отырмыз. Адамның мүмкіндігі қандай?! Бұл тамаша. Бүгінгі медицинаның арқасында жүріп кетесің деген үміттемін. Мен протез киген адамдардың қаншама шақырым жүгіргенін көрдім. Өз басым саған көмектесуге дайынмын. Қазір жігіттерге тапсырамын, осы мәселені зерттесін", - деді Назарбаев ҚХА сессиясында.

Елбасы қазақ қызының альпинизмді таңдағанына сүйсінді.

"Мен 1995 жылы Абай шыңына көтерілдім, бірақ оның биіктігі 4 700 метр болатын. Десе де  мұның не екенін жақсы білемін. Көтерілу оңай емес, бірақ түсу одан да қиын. Сол себепті энтузиазм үшін саған рақмет айтамын. Көздерің жанып тұр. Бақыт әлі алда. Жұбайыңа, отбасыңа ризашылығымды білдіремін", - деді ол.

Астаналық Мария Әуезова екі аяғы болмаса да, Эверест шыңына шықты. Мария осы сапарға бір жарым жыл дайындалған. Оған кәсіби альпинист Вадим Цхе көмектесті. Жолдасы Мұрат Әуезов те әрдайым жанында болған.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Мария (@mariya_auezova)

Қазақстандық альпинистер Джомолунгма (Эверест) тауындағы 5 364 метр биіктікте орналасқан базалық лагерге шықты.

Оқи отырыңыз: Назарбаев өкілеттігін Тоқаевқа тапсырды 

Мария Әуезова алты жыл бұрын қатты ауырып, екі аяғынан айырылып қалған. Содан көп қозғалмай, артық салмақ жинай бастады. Бионикалық протезді киюге деген үміті үзіле бастады. Сол кезде ол альпинст Вадим Цхемен танысты. Жаттығумен айналыса бастады. Сөйтіп, Бурабайда бірнеше тауды бағындырды.

Марияның ендігі мақсаты – протез киіп, Эверест шыңын тағы бір рет бағындыру.

Жаңалықтар
0