Қоғам

Елбасы Қазақстан халқы қашан 20 миллион адамнан асатынын болжады

© Sputnik / Серикжан КовланбаевЖенщины с колясками на улице в Алматы, архивное фото
Женщины с колясками на улице в Алматы, архивное фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 28.04.2021
Жазылу
Назарбаев тәуелсіздік алған жылдары Қазақстанды үш миллионға жуық адам тастап кетіп, ел халқы 14 миллионға дейін азайғанын атап өтті

НҰР-СҰЛТАН, 28 сәуір – Sputnik. 2025 жылға қарай Қазақстан халқы жиырма миллион адамнан асады. Тұңғыш президент Нұрсұлтан Назарбаев ҚХА сессиясында осындай болжам жасады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Назарбаев: халықтың табысы тоғыз есе өсті

"1993 жылы Кеңес Одағы құлағанда адамдар не істерін білмеді. Қазақ жеріне басқа республикалардан келгендер арасында біреуі кеткісі келді, енді бірі қалғысы келді. Біз ешкімге кедергі жасаған жоқпыз, еркіндік бердік. Қазақстанды үш миллионға жуық адам тастап кетті. Сол уақытта ел халқы 14 миллионға дейін азайды", деді Назарбаев ҚХА-ның 29-сессиясында.

Ол бүгінде Қазақстан халқы 19 миллионға жақындап қалғанын атап өтті.

"Мен 2025 жылға қарай ел халқының саны 20 миллионға жетуі керек деген міндет қойдым. Менің ойымша, біз бұл шектен асамыз", - деді Елбасы.

Елордада Тұңғыш президент, ҚХА төрағасы Нұрсұлтан Назарбаевтың қатысуымен Қазақстан халқы Ассамблеясының XXIX сессиясы өтіп жатыр.

Ассамблеяның кезекті сессиясының күн тақырыбы "Бірліктің, татулық пен келісімнің 30 жылы" деп аталды.

Жаңалықтар
0