НҰР-СҰЛТАН, 28 сәуір — Sputnik. Алматы қаласында жоғалған "Қазақстан аруы–2019" байқауының жүлдегері Гүлнұр Нұртаза Тараз қаласынан табылды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
"Оның құрбысы Алатау аудандық полиция басқармасына арыз түсірген. Осыдан кейін іздестіру шаралары басталды. Сөйтсе, Гүлнұр Нұртаза бір күн бұрын ешкімге ескертпей, Тараз қаласына кетіп қалған. Ол өзі байланысқа шықты. Аман-есен табылды", – дейді Алматы полициясының ресми өкілі Салтанат Әзірбек.
Айта кетейік, бұған дейін әлеуметтік желіде қызылордалық ару Гүлнұр Нұртазаның жоғалғаны туралы хабар тараған болатын. Соңғы рет оны "Достық Плазаның" маңайында көрген.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Гүлнұр Нұртаза 2017 жылы "Қызылорда аруы" атағын жеңіп алған. Ал екі жылдан кейін "Қазақстан аруы" байқауының финалына шықты. Бірақ қиын жағдайға тап болып, алдымен әкесі, кейіннен анасынан көз жазып қалды. Гүлнұрдың өзі күн көру үшін дәмханаға ыдыс жуушы болып жұмысқа тұрған.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Ресейлік жүргізуші Ксения Собчак Гүлнұр Нұртазаны өз бағдарламасына да шақырған. Бірақ ол осы ұсыныстан бас тартты.