Экономика

Қанша мемлекеттік қызметкер мен олардың әйелі декларация тапсырды

© Photo : Pixabay / IMS68Калькулятор
Калькулятор - Sputnik Қазақстан, 1920, 27.04.2021
Жазылу
Биыл 1 қаңтардан бастап декларацияны мемлекеттік қызметшілер және оларға теңестірілген тұлғалар мен олардың жұбайлары тапсырады

НҰР-СҰЛТАН, 27 сәуір – Sputnik. Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев жалпыға бірдей декларациялаудың бірінші кезеңінде қанша мемлекеттік қызметкер мен олардың әйелдері салық есебін тапсырғанын айтты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

"Декларациялаудың бірінші кезеңі аясында бүгінгі күні 437 мыңнан астам адам салық есептілігін ұсынды. Бұл жоспарланған көрсеткіштің - 91%", - деді Жамаубаев үкімет отырысында.

Айта кетсек, биыл 1 қаңтардан бастап декларацияны мемлекеттік қызметшілер және оларға теңестірілген тұлғалар мен олардың жұбайлары тапсырады.

2023 жылдың 1 қаңтарынан бастап мемлекеттік мекемелер мен квазимемлекеттік сектор қызметкерлері және олардың жұбайлары қосылады.

2024 жылдың 1 қаңтарынан бастап – заңды тұлғалардың басшылары мен құрылтайшылары, сондай-ақ жеке кәсіпкерлер мен олардың жұбайлары.

2025 жылдың 1 қаңтарынан бастап –  азаматтардың қалған санаттары.

Декларацияны тапсыру мерзімі:

  • қағаз түрінде - 15 шілдеге дейін;
  • электронды түрде - 15 қыркүйекке дейін.

"Енді азаматтар декларацияда мемлекеттік органдарда тіркелген мүлікті және екінші деңгейлі банктердегі ақша туралы ақпаратты көрсетпейді. Бұл деректер автоматты режимде министрліктің интеграцияланған деректер базасына келіп түседі", - деді министр.

Оқи отырыңыз: Жаңа жылдан бастап кімдер табыс декларациясын тапсырады

Ол декларацияда көліктер, заңды тұлғадағы қатысу үлесі, шет мемлекетте тіркелген жылжымайтын мүлік және шетелдік банктердегі ақша туралы мәліметтер көрсетілетінін атап өтті.

Сондай-ақ декларацияда Қазақстандағы және оның аумағынан тыс жерлердегі мүлік туралы деректер қамтылады. Олар:

  • бағалы қағаздар;
  • тұрғын үй ғимаратындағы үлес;
  • инвестициялық алтын;
  • зияткерлік меншік, авторлық құқық объектілері;
  • айлық есептік көрсеткіштің 10 000 еселенген шегіндегі қолма-қол ақша;
  • дебиторлық/кредиторлық берешегі;
  • құны 1000 есе айлық есептік көрсеткіштің мөлшерінен асатын басқа да мүлік.
Жаңалықтар
0