Қандай елдер әскери шығынды арттырып жатыр?

© Sputnik / Виталий Аньков / Медиабанкке өтуРоссийские десантники во время учений, архивное фото
Российские десантники во время учений, архивное фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 27.04.2021
Жазылу
Стокгольм әлем проблемаларын зерттеудің халықаралық институты (SIPRI) ұсынған мәліметке сәйкес, Ресей Федерациясы 2020 жылы әскери шығындарға 61,7 миллиард доллар жұмсап, әлем бойынша төртінші орынға жайғасты

Ғаламшардағы әскери шығындардың 2,6%-ке артуына қарамастан Ресей 2020 жылы бекітілген қорғаныс бюджетінен 6,6%-ке аз жұмсады. 2019 жылы Ресей Федерациясының әскери шығындары 65,1 миллиард долларды құрады. Яғни осы жылы бұл бағыттағы шығын 3,4 миллиард долларға азайғаны байқалып отыр.

Әскери шығыны көлемді елдердің бестігіне АҚШ, Қытай, Үндістан, Ресей мен Ұлыбритания кірді. Олардың үлесіне әлем бойынша шығындардың 62%-і тиесілі және ол 1,98 триллион долларды құрайды.

Ресей Global Firepower әлем рейтингінде дәстгрлі түрде АҚШ пен Қытайдан кейін үшінші орында тұр. Ал Үндістан төртінші орынға жайғасса, Ұлыбритания бестікке кіре алмай, сегізінші орыннан бір-ақ шықты. Аз шығынмен үлкен табысқа жетуге әскери құрылыстың дұрыс стратегиясы, мемлекеттік басқарудың және ұлттық қорғаныс-өнеркәсіптік кешеннің тиімділігі, жоғары технологиялық қарулардың әзірлемелері себепкер.

Global Firepower Ресей Федерациясының әскери бюджетін тек 11-деңгейге қоюы әртүрлі есептеу әдістерімен түсіндіріледі. Мемлекеттер әскери шығындар қатарына үкіметтің қарулы күштерге жұмсалатын барлық шығынын, соның ішінде жалақы, қару-жарақ пен әскери техниканы сатып алу, әскери құрылыс, ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстар, басқару және тыл жағынан қамтамасыз етуді жатқызатынын ескеру қажет.

Ресейден басқа ТМД елдерінің әскери шығындары едәуір шағын және кестеде көш бастап тұрған мемлекеттермен алшақтығы айтарлықтай.

© SputnikТаяу шетел елдерінің әскери шығыны
Қандай елдер әскери шығынды арттырып жатыр? - Sputnik Қазақстан, 1920, 27.04.2021
Таяу шетел елдерінің әскери шығыны

Ресейдің аз шығын арқылы әскери құрылымда жақсы нәтижеге қол жеткізу стратегиясы посткеңестік кеңістікте сәтті жүзеге асып жатыр. Мәскеу одақтастарына қару-жарақ бойынша көмектесіп келеді: кейбір техника ресейішілік бағамен ұсынылса, кейбірі тегін жеткізіледі. Мысалы, 2015 жылдан бері Қазақстан ТМД елдерінің ішінде алғашқы болып жеңілдікпен Ресейден 12 дана Су-30СМ жойғыш-бомбалаушы ұшағын, сондай-ақ Ми-171Ш пен Ми-35 әскери-көлік және соққы жасаушы тікұшағын, модернизацияланған Ил-76МД-90А сатып алды. Біраз бұрын Қазақстан Су-24 фронтты бомбалаушыларын, МиГ-31 мен МиГ-29 жойғыштарын, С-300 зениттік зымыран кешендерін тегін алды.

Беларусь Ресейден қару-жарақтың кеңейтілген спектрін алып отыр. Бұған дейін республиканың қорғаныс министрлігі С-400 зениттік-зымыран кешендерін сатып алу туралы келісімшарттың әзірленгені туралы хабарлады. Әскери-әуе күштері мен әуе шабуылынан қорғаныс күштері үшін С-300С ЗЗК төрт зениттік зымыран дивизиясы сатып алынды. Біраз бұрын Беларусь С-300ПМУ-1 сегіз жиынтығын, "Тор-М2" төрт ЗЗК (батарея) және оларға арналған зымырандар партиясын алған (2017 жылғы келісімшарт бойынша).

Арменияға С-300 ЗЗК екі дивизионы (ТМД Әуе шабуылына қарсы бірыңғай қорғаныс жүйесін құру аясында) ақысыз берілді. Ол ресейлік "Искандер-Э" зымыран жүйесінің алғашқы импорттаушысы болды. Сондай-ақ Су-30СМ 12 жойғыш ұшағын, "Бук-М1-2", "Тор-М2КМ", "Оса-АК" жетілдіріген зениттік зымыран кешендерін, "Солнцепек" ТОС-1А ауыр отшашар жүйелерін сатып алды. Мәскеу Ереванға Ресейдің ішкі бағасымен қару-жарақ жеткізіп отыр және жалпы сомасы 300 миллион АҚШ долларын құрайтын мемлекеттік кредитпен көмектесуде.

Бүгін және жақын келешекте әлемнің көптеген елі ішкі саяси тұрақсыздықпен күресуге мәжбүр. Бұл азаматтық соғыс немесе әскери операциялар түрінде халықаралық терроризмге төтеп беру болуы мүмкін. Мұның барлығы алдағы уақытта қорғаныс саласындағы шығындардың артуына ықпал етеді.

Жаңалықтар
0