Қоғам

Тоқаев қоронавирусқа қарсы вакцинаның екінші компонентін салдырды

© Sputnik / Тимур БатыршинВакцинация населения против коронавируса в Казахстане
Вакцинация населения против коронавируса в Казахстане - Sputnik Қазақстан, 1920, 27.04.2021
Жазылу
Президенттің денсаулығында ешқандай кінәрат байқалған жоқ.   Кестеге сәйкес жұмыс атқарып жатыр, деп хабарлады оның баспасөз хатшысы

НҰР-СҰЛТАН, 27 сәуір – Sputnik. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев бүгін "Спутник V" вакцинасының екінші компонентін алды.

"Екпе салдырғаннан кейін президенттің денсаулығында ешқандай кінәрат байқалған жоқ. Өзінің жұмыс кестесіне сәйкес қызметін қызу атқарып жатыр", - деп жазды президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли Facebook парақшасында.

Оның айтуынша, Қасым-Жомарт Кемелұлы еліміздегі вакцинация қарқынын төмендетпеу керек деп санайды. Мемлекет басшысы екпе салдыру барлық шектеулерден арылтып, қайта қалыпты өмірге бастайтын, COVID-19 пандемиясын жеңетін жалғыз жол екеніне кәміл сенеді.

Оқи отырыңыз: Министр Цой отандық вакцина ағзасына қалай әсер еткенін айтты 

Қасым-Жомарт Тоқаев "Спутник V" вакцинасының алғашқы компонентін 6 сәуірде алды.

Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой бүгін Қазақстан COVID-ке қарсы вакцина салдырған адамдар саны жағынан әлемде 52-ші орынды иеленгенін айтты.

Жаңалықтар
0