Қоғам

СІМ Ресейде жүрген қазақстандықтарға үндеу жасады

© Sputnik / Владислав ВодневҚазақстан азаматының төлқұжаты
Қазақстан азаматының төлқұжаты - Sputnik Қазақстан, 1920, 27.04.2021
Жазылу
Ресейде болу мерзімін заңды түрде ұзартудан бас тартқандар елден мәжбүрлеп шығарылуы мүмкін

НҰР-СҰЛТАН, 27 сәуір – Sputnik. Ресейде заңсыз жүрген қазақстандықтар 15 маусымға дейін елден кетуге немесе ел аумағында болуын заңдастыруға тиіс, деп хабарлайды Қазақстанның сыртқы істер министрлігі.

"Ресей ішкі істер министрлігінің талабына сәйкес, Ресейде заңсыз жүрген Қазақстан азаматтары осы жылдың 15 маусымына дейін елден кетуге немесе Ресей Федерациясында одан әрі болуын заңдастыру бойынша шаралар қабылдауға тиіс", - делінген хабарламада.

Заңсыз жүргендер санатына:

  • мүлдем тіркеуге тұрмаған;
  • уақытша тіркеуінің, уақытша тұруға рұқсатының және тұрғылықты тұруға рұқсатының уақыты өтіп кеткен азаматтар жатады.

Сонымен қатар заңды негіз болған жағдайда (жұмыс, оқу және тағы басқа), қазақстандықтар Ресейден шықпай, елде уақытша болу мерзімін ұзарту үшін ішкі істер органдарына жүгінуге құқылы. Бұл жағдайда олар жауапкершілікке тартылмайды.

Ал Ресейде болу мерзімін заңды түрде ұзартудан бас тартқандар және елден өз еркімен кеткісі келмегендер елден мәжбүрлеп шығарылады. Оларға Ресейге кіруге шектеу қойылуы мүмкін, деп ескертті ведомство.

Жаңалықтар
0