Мәдениет

"Нұр-Мұқасанның" бұрынғы әншісі жаңа қызметке тағайындалды

© Photo : Рixabay/SimonephМикрофон
Микрофон - Sputnik Қазақстан, 1920, 27.04.2021
Жазылу
Бұған дейін танымал әнші Нұркен Өтеуіл Қалибек Қуанышбаев атындағы музыкалық драма театры директорының орынбасары болып тағайындалған еді

НҰР-СҰЛТАН, 27 сәуір – Sputnik. "Нұр-Мұқасан" тобының бұрынғы солисі Мұқасан Шахзадаев "Алматы әуендері" мекемесінің көркемдік жетекшісі болып тағайындалды. 

Бұл ақпаратты Sputnik Қазақстан тілшісіне Алматы қаласы мәдениет басқармасының баспасөз қызметі растады.

"Әнші Мұқасан Шахзадаев "Алматы әуендері" мекемесінің көркемдік жетекшісі болып тағайындалды", - деді басқармадағылар.

Мұқасан Шахзадаев - 1972 жылы 1 қаңтарда Жамбыл облысы Талас ауданында дүниеге келген.

Оқи отырыңыз: Нұрлан Әлімжанов басшылық қызметке тағайындалды

Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері (2015), Қазақстан жастар одағы сыйлығының лауреаты (1996).

1989 жылы Тараз мәдени училищесін бітірген. 1990 жылы Мұхтар Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінің музыка факультетін аяқтаған.

1990 жылдан бастап "Нұр-Мұқасан" дуэті тобының құрамында халыққа таныла бастады.

Жаңалықтар
0