Елорда тынысы

Елордада жолақыны SMS арқылы төлеу қызметі тоқтатылады - көлік компаниясы

© Sputnik / Владислав ВодневАвтобус на дороге столицы
Автобус на дороге столицы - Sputnik Қазақстан, 1920, 27.04.2021
Жазылу
Қазір жолақысы көлік төлем картасымен, сондай-ақ QR-код арқылы төленеді

НҰР-СҰЛТАН, 26 сәуір - Sputnik. 1 мамырдан бастап Нұр-Сұлтан қаласының қоғамдық көліктерінде SMS жолдау арқылы төлеу қызметі өшіріледі, деп хабарлайды CTS көлік компаниясы.

"Бұл шешім ұялы байланыс операторлары қызметінің жиі істен шығуына байланысты тасымалдаушылардың сұранысы бойынша қабылданды", - делінген CTS хабарламасында.

2505 қысқа нөміріне SMS-хабарлама жолдау жол жүру ақысын төлеудің баламалы түрлерінің бірі. Негізгі төлем көлік картасы немесе қолма-қол ақша арқылы жүргізіледі. Қазіргі уақытта карантиндік шараларға байланысты жолақыны қолма-қол ақшамен төлеу тоқтатылған.     

Бүгінгі күні жол ақысын көлік картасымен, сондай-ақ QR-код арқылы төлеуге болады. Ол үшін: Transcard, Kaspi.kz, SMSBUS, Homebank, My Activ, My Beeline, Senim, Рахмет, Astra Bus, Plus24 (Касса24), Qiwi және OYB сияқты мобильді қосымшаларды қолдануға болады.

Оқи отырыңыз: Жолақы – 1 теңге: Астанада автобуспен жүру ақысын SMS арқылы төлеуге болады

"Байланыстағы үзілістері жолаушылардың өздеріне қолайсыздық тудырады. Мысалы, SMS арқылы төлем кешіктіріліп төленуі мүмкін немесе бірнеше рет алынады. Сондай-ақ қоғамдық көлік жолаушыларының жолақысын төлеуден жалтару жағдайлары бар. Кейбір азаматтар жол жүру ақысын SMS жіберу арқылы бақылаушылар тексерер алдында ғана төлейді", - деді "City Transportation Systems" ЖШС басқарма төрағасы Бекмырза Игенбердинов. 

Елорданың қоғамдық көліктерінде жолақысын SMS арқылы төлеу қызметі 2018 жылы енгізілген. Сервиске барлық ұялы байланыс операторлары (Activ / Kcell, Beeline, Altel, Tele2) қосылған, төлем QR-код арқылы жүзеге асырылады.

Жаңалықтар
0