Оқиға

Африка азаматы павлодарлық бүлдіршінді тұншықтырып өлтіре жаздады

© AP Photo / Vadim GhirdaБүлдіршін
Бүлдіршін - Sputnik Қазақстан, 1920, 27.04.2021
Жазылу
Кішкентай қызды қаскөйдің қолынан әкесі құтқарып қалған. Ал сот шетелдік азаматтың есі дұрыс емес деп танып, оны психикалық ауруханаға жіберді

АЛМАТЫ, 27 сәуір – Sputnik. Оңтүстік Африка Республикасының азаматы түнде көршісінің үйіне кіріп, бүлдіршін қызды тұншықтырған. Іс қылмыстық істер бойынша мамандандырылған ауданаралық сотта қаралды.

Соттың баспасөз қызметінің хабарлауынша, қазақстандық бойжеткен әлеуметтік желі арқылы Оңтүсік Африканың 25 жастағы азаматымен танысқан. Содан кейін ер адам Қазақстанға келіп, екеуі үйленген, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан. Жас жұбайлар Павлодар қаласының маңындағы Кенжекөл ауылында жеке үйде тұрған. Үйдің жанындағы уақытша тұруға арналған баспананы өзге отбасыға жалға берген.

2020 жылдың 9 тамызында таңғы 4 шамасында африкалық азамат уақытша психикалық күйзеліс кезінде уақытша тұруға арналған үйге заңсыз кіріп, сол үйдің қызын тұншықтыра бастаған. Оны ұйқысынан оянған әкесі құтқарып қалған.

Сотта прокурор сотталушыны қылмыстық жауаптылықтан босатып, оған мәжбүрлі ем тағайындауды сұрады.

Оқи отырыңыз: Қарағанды облысында жоғалған қыз белгісіз ер адаммен қараусыз қалған үйден табылды

Жәбірленушілер ОАР азаматы емделген соң оны елден шығару керек деп есептейтінін жеткізді. Сотталушының заңды өкілі әрі оның жары прокурор ұсынысын қолдады.

Сот қаулысымен ер адам қылмыстық жауапкершіліктен босатылды. Ол Павлодар облысы психикалық денсаулық орталығының жалпы үлгідегі психиатриялық стационарында емделеді.

"Заң талаптарына сәйкес, егер адам есі дұрыс емес деп танылса, онда сот оған медициналық шараларды қолдануға міндетті", – деп делінген хабарламада.

Сот қаулысы заңды күшіне енген жоқ.

Жаңалықтар
0