Видео

Талғарлық жігіт пластикалық қоқыстан таңғажайып роботтар жасайды – видео

Жазылу
НовостиTelegram
Ескі тұрмыстық техниканың пластикалық бөлшектерінен жасалған фантастикалық кейіпкерлер Талғардағы дәмхананың көркін ашып тұр

Дәмхана иесі Қуаныш Мұхамеджанов келушілерді қызықтыра отырып, өзінің бала күнгі арманын орындау үшін әрі өзі тұратын қаланы экологиялық тұрғыдан таза ету үшін ерекше мүсіндер жасайды.

Оның айтуынша, іске жарамсыз бірнеше шаңсорғышты тапқан кезде оған трансформер-роботтар жасау туралы идея келген.

Сондай-ақ Қуаныш тұрмыстық техника жасалатын пластикалық материалдар жүздеген жыл бойы ыдырамай қалпын сақтайтынын айтады. Ал Қазақстанда олар қазірше тиімді және жаппай өңдеу қолға алынбаған.

Бастапқыда ол пластик қалдықтарын туыстарынан алып отырған. Алайда көп ұзамай әуесқой мүсінші өзінің өнер туындалары үшін шикізат тапшылығына тап болды.

Кейіннен оның әдеттен тыс қадам жасауына тура келген.

"Шикізат тапшылығы байқала бастаған соң, ерекше әдіс ойлап таптым. Яғни ескі, өзіңізге қажет емес шаңсорғышты әкелсеңіз – біз сізге пицца береміз. Осылайша қажетсіз шаңсорғыштарды пиццаға алмастырып жатырмыз", – дейді дәмхана иесі.

Оқи отырыңыз: Қарулы адамды ұстау операциясы – оқиға орнынан түсірілген видео

Қазіргі кезде Қуаныштың коллекциясында 30-ға жуық түрлі роботтардың үлгілері бар. Бұл оның кафесіне келушілердің қызығушылығын тудырып қана қоймайды. Олармен бірге оның достары да қолдау көрсетеді.

Жаңалықтар
0