QazVac пен Спутник V туралы не білу керек

Жазылу
Қазақстандықтар 26 сәуірден бастап отандық QazVac вакцинасын салдыра алады. Елімізде 50 мың доза көлемінде вакцинаның бірінші партиясы өндірілді

Қазақстанда бірінші ақпаннан бастап 800 мыңнан астам адам "Спутник V" вакцинасының бірінші компонентін салдырды, 130 мыңнан астам адам екінші компонентін алды.

Ал 26 сәуірден бастап отандық QazVac вакцинасын салдыра бастады. Ол клиникалық сынақтардың екі кезеңінің нәтижесі бойынша 96%-ке тиімді екенін көрсетті. Енді коронавирусқа қарсы екпе салдырғысы келгендер ресейлік ғалымдар әзірлеген "Спутник V" мен отандық QazVac арасында таңдау жасай алады.

"Спутник V" – векторлы вакцина, яғни өндіріс барысында аденовирустың қабығы және коронавирустың S ақуызы пайдаланылған.

QazVac – инактивацияланған вакцина, яғни коронавирустың жойылған вирусы қолданылған. Биологиялық қауіпсіздік проблемаларын ғылыми-зерттеу институтының базасында 50 мың доза көлемінде бірінші партия шығарылды.

QazVac вакцинасын бірінші кезекте қазақстандық екпе алғысы келген медицина қызметкерлері, педагогтер мен полицейлер салдырады. Отандық QazVac вакцинасының келесі партиясы мамырдың екінші жартысында жеткізіледі деп жоспарланған.

Президенттің тапсырмасы бойынша вакцина барлық адамға қолжетімді болуы үшін өндіріс көлемі артады.

Жаңалықтар
0