Лос-Анджелесте кино саласындағы беделді "Оскар" сыйлығын табыс ету салтанаты өтті. Осы жылы коронавирус пандемиясына байланысты бұл шара өзгеше форматта ұйымдастырылды. Алайда жұлдыздар өздерін әдеттегідей әсем кейіпте көрсетуі үшін мейлінше қолайлы жағдай жасалды. Шараға қатысатын номинанттар АҚШ-қа келіп, он күндік карантиннен өтуге тиісті. Алайда бірқатар талаптарды сақтаса, бұл мерзімнің қысқартылуы да қарастырылды.
"Оскар" сыйлығын табыс ету шарасы жылдың маңызды оқиғаларының бірі болып саналады. Осыған орай осы салтанатты рәсімде өзінің киімімен ел есінде қалған жұлдыздарды еске алып көрелік. Олардың кейбірі мінсіз стилі үшін қолдау тапса, кейбірі талғамсыздығы үшін өткір сынға ұшырап жатты.
© AP Photo Актриса Одри Хепберн 1954 жылы "Рим демалыстары" фильміндегі рөлі үшін "Оскар" сыйлығын алды. Ол бұл айтулы шараға гүлді көйлек киді. Фильм үшін дайындалған Paramount дизайнері Эдит Хедтің бұл туындысының актрисаға ұнағаны соншалық, ол модельер Юбер Живаншиден киімді қызыл кілемге арнап қайта тігуді өтінді. 2011 жылы бұл көйлек 132 мың долларға сатылды.
1/12
© AP Photo
Актриса Одри Хепберн 1954 жылы "Рим демалыстары" фильміндегі рөлі үшін "Оскар" сыйлығын алды. Ол бұл айтулы шараға гүлді көйлек киді. Фильм үшін дайындалған Paramount дизайнері Эдит Хедтің бұл туындысының актрисаға ұнағаны соншалық, ол модельер Юбер Живаншиден киімді қызыл кілемге арнап қайта тігуді өтінді. 2011 жылы бұл көйлек 132 мың долларға сатылды.
© AP Photo Paramount дизайнері Эдит Хед 1955 жылы "Оскар" иеленген сұлу бикеш Грейс Келли үшін де көйлек тікті. Актриса "Ауыл қызы" атты картинадағы рөлі үшін беделді мүсіншені алды. Ол бұл марапатқа аспан түстес көгілдір түсті және бел тұсы күлтеленген көйлек киді. Бұл Оскар тарихындағы ең қымбат киімдердің бірі. Бұл көйлек үшін пайдаланылған атластың өзі төрт мың доллар тұрды.
2/12
© AP Photo
Paramount дизайнері Эдит Хед 1955 жылы "Оскар" иеленген сұлу бикеш Грейс Келли үшін де көйлек тікті. Актриса "Ауыл қызы" атты картинадағы рөлі үшін беделді мүсіншені алды. Ол бұл марапатқа аспан түстес көгілдір түсті және бел тұсы күлтеленген көйлек киді. Бұл Оскар тарихындағы ең қымбат киімдердің бірі. Бұл көйлек үшін пайдаланылған атластың өзі төрт мың доллар тұрды.
© AP Photo / George Birch"Оскарды" табыстаудың салтанатты 41-шарасында актриса Барбра Стрейзанд "Күлкілі бойжеткен" кинотуындысындағы рөлі үшін жеңімпаз атанды. Ол бұл жиынға бір қарағанда адамды жалаңаш тұрғандай етіп көрсететін киім киді. Мұны канадалық дизайнер Арнольд Скази әзірлеген. Осылайша Голливудта "жалаңаш" көйлектер дәуірі басталды. Бұл көйлек дизайнерге үлкен танымалдылық алып келіп, оның қолынан Барбара Буш, Хилари Клинтон секілді АҚШ-тың бірінші ханымдары да көйлек киді.
3/12
© AP Photo / George Birch
"Оскарды" табыстаудың салтанатты 41-шарасында актриса Барбра Стрейзанд "Күлкілі бойжеткен" кинотуындысындағы рөлі үшін жеңімпаз атанды. Ол бұл жиынға бір қарағанда адамды жалаңаш тұрғандай етіп көрсететін киім киді. Мұны канадалық дизайнер Арнольд Скази әзірлеген. Осылайша Голливудта "жалаңаш" көйлектер дәуірі басталды. Бұл көйлек дизайнерге үлкен танымалдылық алып келіп, оның қолынан Барбара Буш, Хилари Клинтон секілді АҚШ-тың бірінші ханымдары да көйлек киді.
© AP Photo / Reed Saxon1986 жылы әнші әрі актриса Шер өзінің киімімен Стрейзандтан асып түсті. Америкалық дизайнер Боб Маки Шер үшін былғары шалбар, жылтырақты нымша, кашемирден тігілген жамылғыны мінсіз киім деп тапты. Сондай-ақ әнші қызыл кілемшеге құс қанаттарымен көмкерілген бас киім киіп шықты.
4/12
© AP Photo / Reed Saxon
1986 жылы әнші әрі актриса Шер өзінің киімімен Стрейзандтан асып түсті. Америкалық дизайнер Боб Маки Шер үшін былғары шалбар, жылтырақты нымша, кашемирден тігілген жамылғыны мінсіз киім деп тапты. Сондай-ақ әнші қызыл кілемшеге құс қанаттарымен көмкерілген бас киім киіп шықты.
© AP Photo / Eric Draper1999 жлы "Оскар"сыйлығын табыстау кезінде Гвинет Пэлтроу жіңішке ілмешекті және түссіз шарфы бар алқызыл әрі нәзік Ralph Lauren көйлегімен жұртты тамсандырды. Тіпті сән саласының сыншылары да бұл киімге оң баға берді. Ол көйлек өзінің қарапайым пішінімен және қатаң конструкциясымен кербездік әдеміліктің үлгісіне айналды.
5/12
© AP Photo / Eric Draper
1999 жлы "Оскар"сыйлығын табыстау кезінде Гвинет Пэлтроу жіңішке ілмешекті және түссіз шарфы бар алқызыл әрі нәзік Ralph Lauren көйлегімен жұртты тамсандырды. Тіпті сән саласының сыншылары да бұл киімге оң баға берді. Ол көйлек өзінің қарапайым пішінімен және қатаң конструкциясымен кербездік әдеміліктің үлгісіне айналды.
© AP Photo / Kim D. JohnsonБұл көйлек "Оскар" тарихындағы ең әдемі және ең сұрықсыз көйлектер тізіміне енген. Македониялық дизайнер Марьяна Пежоскидің қолынан шыққан бұл комбинезон аққу бейнесін сипаттап тұр. Бьорк салтанатты кештегі бұл айрықша киім үлгісін дөңгелек пішінді клатч сөмкемен толықтырып, аққудың жұмыртқалау процесін бейнеледі. Ең қызығы, арада 13 жыл өткен соң, 2014 жылы Valentino сән үйі дәл осы комбинезон көшірмесін көктемгі топтамаға енгізді.
6/12
© AP Photo / Kim D. Johnson
Бұл көйлек "Оскар" тарихындағы ең әдемі және ең сұрықсыз көйлектер тізіміне енген. Македониялық дизайнер Марьяна Пежоскидің қолынан шыққан бұл комбинезон аққу бейнесін сипаттап тұр. Бьорк салтанатты кештегі бұл айрықша киім үлгісін дөңгелек пішінді клатч сөмкемен толықтырып, аққудың жұмыртқалау процесін бейнеледі. Ең қызығы, арада 13 жыл өткен соң, 2014 жылы Valentino сән үйі дәл осы комбинезон көшірмесін көктемгі топтамаға енгізді.
© AP Photo / Kevork DjansezianАктриса Джулия Робертс дәл осы көйлекті киіп көрген кезде оның он жасар жиені "Сасықиістіге ұқсайсың" деп пікір білдіріпті. Алайда актриса кішкентай сыншының пікірін құлаққа ілмей, өз таңдауын ұзын шлейфті әрі ақ жолақты қара көйлекке тоқтатыпты. Бұл таңдауы теріс болмаған екен. Нәтижесінде Джулия Робертстің көйлегі киносыйлық тарихындағы ең әсем киімдердің бірі ретінде танылды. Valentino сән үйінің ақ-қара көйлегі актрисаны бір сәтте-ақ сән үлгісіне айналдырды. Ол Стивен Содербергтің "Эрин Брокович" фильміндегі әйел рөлі үшін мүсінше иеленді.
7/12
© AP Photo / Kevork Djansezian
Актриса Джулия Робертс дәл осы көйлекті киіп көрген кезде оның он жасар жиені "Сасықиістіге ұқсайсың" деп пікір білдіріпті. Алайда актриса кішкентай сыншының пікірін құлаққа ілмей, өз таңдауын ұзын шлейфті әрі ақ жолақты қара көйлекке тоқтатыпты. Бұл таңдауы теріс болмаған екен. Нәтижесінде Джулия Робертстің көйлегі киносыйлық тарихындағы ең әсем киімдердің бірі ретінде танылды. Valentino сән үйінің ақ-қара көйлегі актрисаны бір сәтте-ақ сән үлгісіне айналдырды. Ол Стивен Содербергтің "Эрин Брокович" фильміндегі әйел рөлі үшін мүсінше иеленді.
© AP Photo / Amy Sancetta2012 жылы салтанатты шараға Бред Питтпен бірге қол ұстасып келген Анджелина Джоли Atelier Versace брендінің барқыттан тігілген қара түсті көйлегін киді. Алайда актриса кез келген ыңғайлы жағдайда көйлек ойығынан оң аяғын жиі шығара беруі назардан тыс қалмады. Бұл әрекетті күлкіге айналдырғандар әлеуметтік желіде "@Анджелинаныңоңаяғы" деген атаумен аккаунт ашты.
8/12
© AP Photo / Amy Sancetta
2012 жылы салтанатты шараға Бред Питтпен бірге қол ұстасып келген Анджелина Джоли Atelier Versace брендінің барқыттан тігілген қара түсті көйлегін киді. Алайда актриса кез келген ыңғайлы жағдайда көйлек ойығынан оң аяғын жиі шығара беруі назардан тыс қалмады. Бұл әрекетті күлкіге айналдырғандар әлеуметтік желіде "@Анджелинаныңоңаяғы" деген атаумен аккаунт ашты.
© AP Photo / Jordan Strauss2015 жылы өткен "Оскар" сыйлығын табыстау шарасына Леди Гага киген киім де Анджелинадан қалыс қалған жоқ. Бұл жолы дизайнер Аззедин Алайя ойлап тапқан көйлек емес, осы киімге қосымша аксессуар ретінде әнші киген қолғап қатты сынға ұшырады. Ашық қызыл түсті былғары қолғапты желі қолданушылары сантехникалық жұмыстар мен ыдыс жуу кезінде киетін қолғапқа ұқсатты. Жалпы бұл кеш Леди Гага үшін сәтсіз болды. Киімінің күлкіге айналғаны аздай, музыка саласының сарапшылары оны Sounds of Music әнін нашар орындады деп сынады.
9/12
© AP Photo / Jordan Strauss
2015 жылы өткен "Оскар" сыйлығын табыстау шарасына Леди Гага киген киім де Анджелинадан қалыс қалған жоқ. Бұл жолы дизайнер Аззедин Алайя ойлап тапқан көйлек емес, осы киімге қосымша аксессуар ретінде әнші киген қолғап қатты сынға ұшырады. Ашық қызыл түсті былғары қолғапты желі қолданушылары сантехникалық жұмыстар мен ыдыс жуу кезінде киетін қолғапқа ұқсатты. Жалпы бұл кеш Леди Гага үшін сәтсіз болды. Киімінің күлкіге айналғаны аздай, музыка саласының сарапшылары оны Sounds of Music әнін нашар орындады деп сынады.
© AP Photo / Invision / Chris PizzelloДженифер Лоуренс үнемі қызықты оқиғаға тап болып жүреді. Алайда 2013 жылдың кешін ол ешқашан ұмытпайтын болар. Ол "Ең үздік әйел рөлі" номинациясы бойынша марапатты алуға сахнаға көтерілгенде құлап қалды. Ол көйлегінің етегіне сүрінді ме, әлде биік өкшелі аяқ киімі кедергі болды ма белгісіз. Қалай болғанда да, актрисаның үстіндегі құны төрт миллион доллар болатын Dior көйлегі ел назарын аудармай қоймады.
10/12
© AP Photo / Invision / Chris Pizzello
Дженифер Лоуренс үнемі қызықты оқиғаға тап болып жүреді. Алайда 2013 жылдың кешін ол ешқашан ұмытпайтын болар. Ол "Ең үздік әйел рөлі" номинациясы бойынша марапатты алуға сахнаға көтерілгенде құлап қалды. Ол көйлегінің етегіне сүрінді ме, әлде биік өкшелі аяқ киімі кедергі болды ма белгісіз. Қалай болғанда да, актрисаның үстіндегі құны төрт миллион доллар болатын Dior көйлегі ел назарын аудармай қоймады.
© AFP 2024 / Mark Ralston2019 жылы танымал сериалдың жұлдызы Билли Портер салтанатты шарадағы ең қызу талқыланған тұлғаға айналды. Ол "Оскар" табыстау рәсіміне кеудесіне нағыз сәнқой ерлерге тән қара түсті смокинг, ал төменгі жағына кең белдемше киді. Бұл киімнің авторы – америкалық модельер Кристиан Сириано. Ол "Мінбер" реалити-шоуының ең жас жеңімпазы.
11/12
© AFP 2024 / Mark Ralston
2019 жылы танымал сериалдың жұлдызы Билли Портер салтанатты шарадағы ең қызу талқыланған тұлғаға айналды. Ол "Оскар" табыстау рәсіміне кеудесіне нағыз сәнқой ерлерге тән қара түсті смокинг, ал төменгі жағына кең белдемше киді. Бұл киімнің авторы – америкалық модельер Кристиан Сириано. Ол "Мінбер" реалити-шоуының ең жас жеңімпазы.
© AP Photo / Invision / Jordan StraussАл Натали Портман өткен жылғы жиынға жәй сәнді ғана емес, саяси астарлы киім киді. Dior сән үйінің қара түсті ұзын жамылғысына еңбегі елеулі әрі лайықты болғанымен "Оскар" сыйлығын алмаған әйел режиссерлердің фамилиялс жазылды. Актриса берген сұхбатында киноиндустрияда әлі де гендерлік теңсіздік бар екенін және көбіне фильмдерді ер адамдар түсіретінін айтты.
12/12
© AP Photo / Invision / Jordan Strauss
Ал Натали Портман өткен жылғы жиынға жәй сәнді ғана емес, саяси астарлы киім киді. Dior сән үйінің қара түсті ұзын жамылғысына еңбегі елеулі әрі лайықты болғанымен "Оскар" сыйлығын алмаған әйел режиссерлердің фамилиялс жазылды. Актриса берген сұхбатында киноиндустрияда әлі де гендерлік теңсіздік бар екенін және көбіне фильмдерді ер адамдар түсіретінін айтты.