Оқиға

Нұр-Сұлтанда аулада ойнап жүрген бала саусағынан айырылды – видео

© Sputnik / Антон Денисов / Медиабанкке өтуДетская горка, архивное фото
Детская горка, архивное фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 26.04.2021
Жазылу
Бал темір төбешіктен сырғанағанда сол қолының сұқ саусағы темір конструкцияның қаңқасы мен ашылып кеткен қаңылтырдың арасына қысылып қалған

НҰР-СҰЛТАН, 26 сәуір — Sputnik. Нұр-Сұлтанда Байқоңыр ауданында темір төбешіктен сырғанаған төрт жасар бала жарақат алды. Желіде оқиға орнында түсірілген видео тарап кетті, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Нұр-Сұлтанның қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы баланың саусағынан айырылғанын растады. Ресми мәліметке сәйкес, 25 сәуірде жедел жәрдемге 4 жасар бала түскен. Ол темір төбешіктен сырғанағанда сол қолының сұқ саусағы темір конструкцияның қаңқасы мен ашылып кеткен қаңылтырдың арасына қысылып қалған.  

"Қаңылтыр баланың саусағын кесіп кетті. Травматологиялық пуктте алғашқы хирургиялық көмек көрсетілді. Мамандар жараны өңдеп, саусақтың тұқылы қалды. Гипс салынды. Баланы амбулаториялық емдеуге жіберді", - дейді дәрігерлер.

Байқоңыр ауданының әкімдігі барлық медициналық және материалдық көмек көрсететін болды. Қазіргі кезде темір төбешікті бұзылып, ауладан шығарылды.

Ал қалалық полиция басқармасы Қылмыстық кодекстің 306-бабы (Қауiпсiздiк талаптарына сай келмейтін тауарларды шығару немесе сату, жұмыстарды орындау не қызметтер көрсету) бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастады. Осы бапқа сәйкес, белгiлi бiр лауазымдарды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан үш жылға дейінгі мерзімге айыра отырып немесе онсыз, 160 АЕК-ке (466 720 теңге) дейiнгi мөлшерде айыппұл салу не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына не бір жүз алпыс сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тарту, я болмаса, 40 тәулікке дейін қамауға алу жазасы қарастырылған.

Жаңалықтар
0